Карантинді алу және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 тамыздағы «Карантин белгілеу туралы» № 16 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 наурыз 2026 ж.

    Карантинді алу және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 тамыздағы «Карантин белгілеу туралы» № 16 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Ырғыз ауданының прокуратурасының 2026 жылғы 06 наурыздағы № 2-0305-26-00210 наразылығы негізінде, ШЕШТІМ:

    1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан анықталған қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі Жайсаңбай ауылының «Исатай мешіті» қыстағында орналасқан «ИДМ-КТА» шаруа қожалығына белгіленген карантин алынсын.

    2. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 тамыздағы «Карантин белгілеу туралы» № 16 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі

    Е. Мұхайыс

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.