Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 сәуір 2026 ж.

    Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - өзгерістер) бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарын, 2-тармағының он төртінші, он алтыншы, он жетінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма үшінші абзацтарын, 3-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    А. Ертаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 1 сәуірдегі

    № 113 бұйрығымен

    бекітілген

    Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

    1. «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13109 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанында:

    «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есепте «(бар болған жағдайда)» деген сөздер «(ол болған жағдайда)» деген сөздермен ауыстырылсын;

    «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмеде (2-шығындарды өтеу және тоқсан сайын):

    2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) Еңбек ресурстарын дамыту орталығы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық жағынан сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық жағынан қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесін дамыту мен қолдап отыруды қамтамасыз ететін заңды тұлға;»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Осы бұйрыққа қосымшамен бекітілген нысанды «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі күнтізбелік 10 күн ішінде ұсынады.

    Деректер электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып, цифрлық жүйелер арқылы электрондық түрде ұсынылады.».

    2. «Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 24-баптарына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақталған адамға куәлік беру қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Ақталған адамға куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18 және 24-баптарына сәйкес және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және ақталған адамға куәлік беру тәртібін айқындайды.»;

    3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Ақталған адамға куәлік беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ақталған адам өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып Мемлекеттік корпорацияға береді.

    4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрі (бар болса), сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің атауларын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мерзімін, нысанын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсынудың ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтиды.

    5. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.»;

    12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Тыңдау:

    көрсетілетін қызметті алушыны тыңдауға шақыру, бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы;

    цифрлық жүйелерді пайдалану;

    көрсетілетін қызметті алушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.»;

    16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «16. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.»;

    18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «18. «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.»;

    20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «20. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығына, көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға және «цифрлық үкiметтiң» операторына жібереді.»;

    көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидалардың 3-қосымшасы осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    3. «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32965 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларында:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидалары»;

    3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым жеке басты куәландыратын құжаттар, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді «цифрлық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.»;

    көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 1 сәуірдегі

    № 113 Тізбеге

    1-қосымша

    Ақталған адамға куәлік

    беру қағидаларына

    1-қосымша

    _______________________________

    (уәкілетті органның атауы)

    __________________________________

    (өтініш берушінің тегі, аты,

    әкесінің аты (ол болған жағдайда))

    _________________________________

    (тұратын мекенжайы)

    Ақталған адамның куәлігін (телнұсқасын) беру туралы өтініш

    «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маған жеңілдіктерге құқықты растайтын ақталған адамның куәлігін (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын. Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

    _______________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

    Осымен ұсынылған құжаттардың дәйектілігін растаймын. Куәлікті беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

    20___жылғы «__» ________________________________ (өтініш берушінің қолы)

    Құжаттарды: ________________________________________ қабылдады.

    (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)

    20___жылғы «__» _____________________________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 1 сәуірдегі

    № 113 Тізбеге

    2-қосымша

    Ақталған адамға куәлік

    беру қағидаларына

    2-қосымша

    «Ақ­тал­ған адам­ға ку­ә­лік бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
    1
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің ата­уы
    Ақ­тал­ған адам­ға ку­ә­лік бе­ру
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уы
    Жоқ
    3
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    1) ку­ә­лік (ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын) бе­ру – 5 (бес) жұ­мыс кү­ні.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де құ­жат­тар­ды қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді;
    2) құ­жат­тар­дың топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 ми­нут;
    3) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 20 ми­нут.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    Қа­ғаз тү­рін­де
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стрі­нің 2022 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы № 78 бұй­ры­ғы­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 26976 бо­лып тір­кел­ген) 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес бе­кі­ті­л­ген үл­гі бой­ын­ша ку­ә­лік­ті неме­се оның тел­нұс­қа­сын бе­ру
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    9
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және цифр­лық объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, түс­кі үзі­лі­сті ес­ке­ре оты­рып, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін өті­ніш­ті қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз элек­трон­дық ке­зек тәр­ті­бін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің дай­ын нәти­же­ле­рін бе­ру Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке­лік күн­дер­ден бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Қа­был­дау «элек­трон­дық ке­зек» тәр­ті­бін­де, же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, элек­трон­дық ке­зек­ті «цифр­лық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы бронь­да­у­ға бо­ла­ды.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар:
    1) же­ке ку­ә­лік неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ған элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
    2) ақ­тау ту­ра­лы анық­та­ма не заң­ды кү­шіне ен­ген сот ак­ті­сі­нің кө­шір­ме­сі;
    3) өкі­лі ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де – оның өкі­лет­тікте­рін рас­тай­тын но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған құ­жат.
    Са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін заң­ды кү­шіне ен­ген сот ак­ті­сі­нің кө­шір­ме­сін қо­с­па­ған­да, құ­жат­тар­дың түп­нұс­қа­ла­ры ұсы­ны­ла­ды, со­дан кей­ін құ­жат­тар­дың түп­нұс­қа­ла­ры қай­та­ры­ла­ды.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді қам­ти­тын, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мы­на­дай:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі­нің 10-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі негіз­де­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
    12
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
    1. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​enbek.​gov.​kz ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен ста­ту­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    3. Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың цифр­лық жүй­е­ле­рін­де ав­то­ри­за­ци­я­лан­ған субъ­ек­ті­лер үшін қол­же­тім­ді.
    Субъ­ект мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың цифр­лық жүй­е­ле­рін­де қол­же­тім­ді әді­стер­мен ав­тор­лан­ды­ру­дан өте­ді, бұ­дан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­мін­де одан әрі пай­да­ла­ну үшін қа­жет­ті құ­жат­ты қа­рай­ды.

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 1 сәуірдегі

    № 113 Тізбеге

    3-қосымша

    Ақталған адамға куәлік

    беру қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының № ____ филиалы (мекенжайын көрсету) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын, сонымен қатар қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуға байланысты «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, оның ішінде:

    жоқ құжаттардың атауы:

    1) ______________________________;

    2) ______________________________.

    Осы қолхат 2 (екі) данада жасалған, әрбір тарапқа бір-бірден

    _______________________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қолы)

    Телефон (бар болса) __________________

    Қабылдады: 20__ жылғы «___» ____________

    _______________________________________________________________

    (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 1 сәуірдегі

    № 113 Тізбеге

    4-қосымша

    Жаппай саяси қуғын-сүргiндер

    құрбандарына ақшалай

    өтемақы төлеу қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Қазақстан Республикасы Еңбек

    және халықты әлеуметтік

    қорғау министрлігінің Еңбек

    және әлеуметтік қорғау комитетінің

    ____________________________

    аумақтық бөлімшесінің басшысына

    Өтiнiш

    Маған біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауыңызды сұраймын

    Тегi _________________________________

    Аты _________________________________

    Әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) ________________

    Туған күні ______ ж. «___» ______________

    Мекенжайы___________________________________________________________

    Жеке басын куәландыратын құжаттың түрi ________________________________

    (құжаттың түрi көрсетіледі)

    Сериясы _________ нөмiрi ___________ кiм берді ___________________________

    Банк шотының №______________________,

    Банк атауы____________________________

    Зейнетақы, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы, арнайы мемлекеттiк жәрдемақы аламын

    _____________________________________

    (қажеттісінің асты сызылады)

    Бiржолғы ақшалай өтемақының бiр бөлiгiн немесе толық мөлшерiн бұрын басқа республикада алғаны-алмағаны (жоқ, иә; алған болса, қандай негiзде алғаны көрсетіледі)

    _____________________________________

    Ақтау туралы анықтаманың нөмiрi және оның берiлген күні

    _____________________________________

    Біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

    Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Күні ___________________________

    Өтінiш берушінің қолы ________________

    Өтінiш қабылданды (күнi) ______________

    Өтiнiштi қабылдаған маманның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ____________________

    Қолы _____________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.