Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің «Қарабалық ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 119 «Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 119 «Кандидаттардың баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9204 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 287 «Әкімдіктің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 119 «Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9586 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қарабалық ауданының әкімі
Р. Халыков
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарабалық аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.