Коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 ақпан 2016 ж.

    Коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы

    «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына, «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлік жекешелендірілсін.

    2. «Арал аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    АУДАН ӘКІМІ

    А. МҰХИМОВ

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қызылорда облысының қаржы

    басқармасы» мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    ___________ Т. Жақыпбаев

    «29» ақпан 2016 жыл

    Арал ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы «29» ақпандағы

    № 40-қ қаулысына қосымша

    Жекешелендірілетін аудандық коммуналдық мүлік

    Заңды тұлғаның атауы
    Іске асыру мерзімі
    Жекешелендіру түрі
    Арал қалалық шаруашылық жүргізу құқығындағы көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
    Қараша 2016 жыл
    Тендер

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.