Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 83/01 «Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан зиратты жою, марқұмдардың сүйегін қайта жерлеу және бейіт құрылыстарын көшіру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан зиратты жою, марқұмдардың сүйегін қайта жерлеу және бейіт құрылыстарын көшіру туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 83/01 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1. Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан, кадастрлық нөмірі 25:112:020:1292 болатын ескі зираттағы 2146 жерлеу орнын және қабір үсті құрылыстарын көшіру (қайта жерлеу) жұмыстары басталсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласының әкімі
М. Бурибаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.