Шардара қаласының көшелеріне атау беру туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 наурыз 2026 ж.

    Шардара қаласының көшелеріне атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Шардара қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып және республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 7 қарашадағы қорытындысы негізінде, Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шардара қаласының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

    1) №2 көшеге – Асанбай Асқаров көшесі;

    2) №3 көшеге – Аққұм көшесі;

    3) №5 көшеге – Мәшһүр Жүсіп көшесі;

    4) №6 көшеге – Мұстафа Өзтүрік көшесі;

    5) №9 көшеге – Сырдария көшесі;

    6) №16 көшеге – Әбілқасым Жұматаев көшесі.

    2. Осы бірлескен Шардара ауданы әкімдігінің қаулысы және Шардара аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шардара ауданының әкімі

    А. Карсыбаев

    Аудандық мәслихат төрағасы

    Б.Муталиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.