Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 130 «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 130 «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі келесі мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. «Атырау Innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.»
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
С. Шәпкенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.