Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 18 наурыз 2026 ж.
«Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 94-VI «Атырау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 187-VII шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 94-VI «Атырау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 187-VII шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
М. Хайруллиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.