Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 наурыз 2026 ж.

    Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Қ. Жолдыбай

    2026 жылғы 30 наурыздағы

    № 73 қаулысымен бекітілген

    Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

    1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

    1) аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысы;

    2) аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысының орынбасары;

    3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

    4) мейіргер;

    5) логопед;

    6) психолог;

    7) әдіскер;

    8) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);

    9) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

    10) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

    11) емдік денешынықтыру жөніндегі маман;

    12) музыкалық жетекші;

    13) тәрбиеші.

    2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

    1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

    2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

    3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана басшысы (меңгерушісі);

    4) аккомпаниатор;

    5) аккомпаниатор-концертмейстр;

    6) архив ісі;

    7) барлық атаудағы әртістері;

    8) библиограф;

    9) кітапханашы;

    10) дирижер;

    11) дыбыс режиссері;

    12) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

    13) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

    14) музыкалық жетекші;

    15) продюсер;

    16) редактор (негізгі қызметтер);

    17) режиссер;

    18) қоюшы режиссер;

    19) вокал бойынша үйретуші;

    20) хореограф;

    21) хормейстер;

    22) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.