«КазГеоЭксплорейшен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 наурыз 2026 ж.

    «КазГеоЭксплорейшен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «КазГеоЭксплорейшен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2032 жылғы 26 ақпанға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 6838,9500 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.

    2. «КазГеоЭксплорейшен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

    3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

    4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

    5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

    Қарқаралы ауданы әкімінің м.а.

    С.Мусин

    Қарқаралы ауданының әкімдігінің

    2026 жылғы «____» ________

    № _____ қаулысына

    қосымша

    «КазГеоЭксплорейшен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    Орналасқан жері
    Кадастырлық номері
    Жалпы көлемі, га
    қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
    1
    Ныгыманов Даулет Мугзарович
    09:133:040:026
    1998,0000
    836,7940
    2
    Ныгыманов Даулет Мугзарович
    09:133:040:131
    0,8075
    0,8075
    3
    Ныгыманов Даулет Мугзарович
    09:133:040:128
    1510,0000
    65,1670
    4
    Шалабаев Олжас Бағдатұлы
    09:133:040:133
    1944,9993
    901,3075
    5
    Ибрайханов Тауиржан Калхаманович
    09:133:040:098
    4000,0000
    1013,2465
    6
    Альжанов Руслан Кабыкешевич
    09:133:040:039
    220,0000
    209,6365
    7
    Жумажанов Бауыржан Куанович
    09:133:040:122
    2000,0000
    406,6080
    8
    Жумажанов Досым Кадирович
    09:133:040:135
    2000,0000
    1212,4870
    9
    Жумажанович Бауыржан Куанович
    09:133:040:1005
    2000,0000
    533,9180
    10
    Ильяшев Серик Смаханович
    09:133:040:014
    3216,3800
    195,0380
    11
    Темірші ауылдық округі
    09:133:040
    1463,9400
    Барлығы
    6838,9500

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.