«Қызылорда облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 209 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 наурыз 2026 ж.

    «Қызылорда облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 209 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Қызылорда облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 209 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбының мәтіні өзгермейді, орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі.

    көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

    «1. «Қызылорда облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:

    1) Қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін:

    2026 жылғы 1 сәуірге дейін - 30 теңге;

    2026 жылғы 1 сәуірден бастап - 70 теңге;

    2) Қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін:

    2026 жылғы 1 сәуірге дейін - 40 теңге;

    2026 жылғы 1 сәуірден бастап - 120 теңге;».

    2. Осы шешім 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы

    М. Тлеумбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.