Сәтбаев қаласы әкімінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 1 «Сәтбаев қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 наурыз 2026 ж.

    Сәтбаев қаласы әкімінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 1 «Сәтбаев қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1 тармағына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сәтбаев қаласы әкімінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы №1 «Сәтбаев қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 177-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

    1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

    2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Сәтбаев қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    А. Сыздыманов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық

    аумақтық сайлау комиссиясы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.