2026 жылға жартылай стационарлық жағдайда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Кентау қаласы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Ж.Тасов
Кентау қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 23 ақпандағы
№ 74 қаулысына қосымша
2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері
Көрсетілген қызметті беруші шарттарда қызмет көрсетеді:
1. Күндізгі қатынау жартылай стационарлық жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
2. Балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша іс-шараларды өткізу;
|
№
|
Атауы
|
Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге)
|
|
1
|
Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға күндізгі қатынау жартылай стационарлық жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастар 18 жасқа дейін)
|
434 767,90
|
|
2
|
Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға күндізгі қатынау жартылай стационарлық жағдайынд әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастар 18 жасқа дейін)
|
434 767,90
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.