Жария сервитут белгілеудің кейбір мәселелері туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 наурыз 2026 ж.

    Жария сервитут белгілеудің кейбір мәселелері туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мемлекеттік мекемесіне Р-1 магистралды ауыз су құбырынан Жемісті, Тың, Дербісек, Атамекен, Ақжар елді мекендеріне ауыз су жеткізуші құбырын жүргізу құрылысы жобасындағы Жібек жолы, Жемісті, Дербісек және Ақжар ауылдық округі аумағындағы меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан осы қаулының қосымшасына сәйкес жалпы ауданы 2,22 гектар жер учаскесіне 11 наурыз 2036 жылға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

    2. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі (Б.Әуезов) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А. Абдуллаев

    Сарыағаш ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы «12» наурыздағы

    №83 қаулысына қосымша

    Жібек жолы ауылынан Ақжар ауылына дейінгі аралықта магистральды су құбырын жүргізу үшін жария сервитут белгіленетін жерлер

    Жер учаскесінің орналасқан жері
    Қауымдық серви туттың әрекет ету көлемі (гектар)
    Соның ішінде:
    Ауыл шаруашық мақсатындағы жерлер
    Оның ішінде:
    Егістік
    Оның ішінде:
    Көп жылдық екпелер
    Жайылым
    Өнеркәсіп
    суармалы егістік
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    1.
    Жібек жолы және Жемісті ауылдық округі
    0,9
    0,211
    -
    -
    -
    0,211
    -
    2.
    Жемісті ауылдық округі
    0,355
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    3.
    Дербісек және Ақжар ауылдық округі
    0,965
    0,42
    -
    0,075
    -
    0,345
    -
    Барлығы:
    2,22
    0,631
    -
    0,075
    -
    0,556
    -
    Елдi мекендердiң жерi
    Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
    Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер
    Орман қорының жері
    Су қорының жерi
    Босалқы жер
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    Дихан баба ауылы-0,07
    Тың ауылы-0,032
    0,399
    -
    -
    0,188
    -
    -
    0,355
    -
    -
    -
    -
    Дербісек ауылы-0,093
    0,452
    -
    -
    -
    -
    1,032
    1,206
    0,188

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.