Түлкібас ауданының «Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері апппаратының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы» көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген, Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 6-тармағына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түлкібас ауданының "Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне қажеттілікті ескере отырып, 2026 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілсін:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдем ақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит: ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.
Аудандық мәслихаттың төрағасы
С.Сарсенбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.