Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 наурыз 2026 ж.

    Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы

    М. Тлеумбетов

    Қызылорда облыстық мәслихатының

    2026 жылғы « 20 » наурыздағы

    № 240 шешіміне қосымша

    Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері

    № р/н
    Қалалар және елді мекендердің санаты
    Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын)
    Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері
    Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері
    Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер
    Монументтік өнер құрылыстары
    1.
    облыстық
    маңызы бар қалалар*
    0,8
    0,6
    1,0
    2.
    аудандық
    маңызы бар қалалар*
    0,6
    0,4
    0,8
    3.
    кенттер*
    0,4
    0,4
    0,6
    4.
    ауыл*
    0,2
    0,2
    0,4
    Ескерту:
    Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері жалға алу ақысының мөлшерлемелерін жалға алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.
    Жалға алу ақысының мөлшерлемелері «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай қалалар мен елді мекендердің санаттарын ескере отырып анықталады:
    облыстық маңызы бар қалалар* - iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер;
    аудандық маңызы бар қалалар* - аумағында өнеркәсiптік кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдени-ағарту және сауда объектілерінің дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын елдi мекендер;
    кенттер* - халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер.
    Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендерде кенттерге теңестiрiледi. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығы мен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттеріде жатады;
    ауылдар* – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.