«Жетісу облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 38, 40, 41, 42-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жетісу облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. «Жетісу облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. «Жетісу облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Б. Исабаев
Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 75 қаулысына қосымша
«Жетісу облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жетісу облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Жетісу облысы аумағындағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын, сондай-ақ осы салада мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі, 47.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқарманың өз өкілеттіктері болып саналатын міндеттерін орындау бойынша кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына мониторинг жүргізу, олардың кемсітушілікке ұшырауына жол бермеу және құқықтары бұзылған жағдайда оларды қалпына келтіру.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан олардың меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
кәмелетке толмағандар болатын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт ұйымдарына балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бақылау мақсатында баруға;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсіндірмелер беруге;
кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың отырыстарына қатысуға;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
комиссиялар, кеңестер, семинарлар және өзге де іс-шаралар ұйымдастыруға;
балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
Басқарманың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті органдарға жүгінуге;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жою туралы мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға ұсынымдар мен ұсыныстар енгізуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2) Міндеттері:
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы заңнаманың іске асырылуын қамтамасыз етуге;
өз қызметін жүзеге асыру барысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
кәмелетке толмағандар туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруге;
білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
15. Функциялары:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) облыс аумағында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына мониторинг жүргізу және олардың сақталу жағдайына талдау жасау;
3) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және әдістемелік сүйемелдеу;
5) қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларға көмек көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
6) балалардың құқықтары бұзылған жағдайларды қарауға қатысу және олардың бұзылуын жою жөніндегі шараларды ұйымдастыру;
7) балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін дағдарыстық жағдайларға жедел әрекет ету шараларын ұйымдастыру;
8) балалардың құқықтарының сақталу жағдайы бойынша ақпаратты жинақтау және талдамалық материалдар дайындау;
9) облыстың білім басқармасымен және қалалар мен аудандардың білім бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасау;
10) қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мамандардың қызметіне әдістемелік сүйемелдеу көрсету;
11) құқық қорғау органдарымен, соттармен және прокуратурамен өзара іс-қимыл жасау;
12) денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
13) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
14) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру;
15) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар әзірлеу;
16) облыс әкіміне балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы баяндаманы дайындау;
17) әлеуметтік жетімдіктің, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың және қанаудың алдын алу шараларын ұйымдастыру;
18) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен өзара іс-қимыл жасау;
19) Жетісу облысының аумағында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіру.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшысы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма, оның құрылымдық бөлімшелеріне басшылық етеді;
2) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша орындалуы міндетті болып саналатын, басқарманың құзырына жататын бұйрықтар, нұсқаулар шығарады, алқа шешімін бекітеді;
3) белгіленген тәртіпке сәйкес басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдердің жобаларын облыстық әкімдіктің қарауына ұсыныс енгізеді;
4) облыс әкімі бекіткен құрылым мен аппараттық штат кестесіне сәйкес оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, жұмыс регламентін, сондай-ақ басқарманың аппаратын, облыстық қазыналық кәсіпорындарды ұстауға шығындар сметасын, тарификациялық тізімін бекітеді;
5) мемлекеттік бос лауазымдарға орналасу үшін кадрларды іріктеу конкурсының өткізілуін қамтамасыз етуді, мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын, аттестациядан өтуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
6) лимиттен тыс жасалған келісімге жауапкершілікте болады;
7) басқармада жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады.
19. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма қарамағында ұйымдар жоқ.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.