«Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (қосымша білім беруге шығармашылық және спорттық, білім беру тапсырыстары) бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 126 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 наурыз 2026 ж.

    «Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (қосымша білім беруге шығармашылық және спорттық, білім беру тапсырыстары) бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 126 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (қосымша білім беруге шығармашылық және спорттық, білім беру тапсырыстары) бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 126 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға 1, 2 - қосымшалары осы қаулыға 1, 2 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

    Ақтөбе облысының әкімі

    А. Шахаров

    Ақтөбе облысы әкімдігінің

    2026 жылғы 10 наурыздағы

    № 47 қаулысына 1-қосымша

    Ақтөбе облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 4 шілдедегі

    № 126 қаулысына 1-қосымша

    Базалық норматив: 4,5 АЕК (айлықтық есептік көрсеткіші)

    БМТ аясында базалық норматив пен түзету коэффициенттерінің, сондай-ақ отбасының жан басына шаққандағы орташа табысының шекті мөлшері

    Са­нат нө­мі­рі
    Са­нат си­патта­ма­сы
    Тү­зе­ту ко­эф­фи­ци­ен­ті
    Тү­зе­ту ко­эф­фи­цен­тін ай­қын­дау диа­па­зо­ны
    БМТ со­мма­сы, тең­ге = ба­за­лық нор­ма­тив * тү­зе­ту ко­эф­фи­ци­ен­ті
    1
    Мүм­кін­ді­гі шек­те­улі ба­ла­лар
    1,5
    1,5-ден ба­стап 2-ге дей­ін
    19 463 * 1,5 = 29 195
    2
    ерекше бі­лім бе­ру қа­жет­ті­лік­те­рі бар ба­ла­лар
    1,5
    1,2-ден ба­стап 2-ге дей­ін
    19 463 * 1,5 = 29 195
    3
    Іш­кі іс­тер ор­ган­да­рын­да есеп­те тұр­ған де­ви­ант­ты мі­нез-құлық­ты ба­ла­лар
    1
    1-ден (қо­са ал­ған­да) 1,5 – ге дей­ін
    19 463 * 1 = 19 463
    4
    Ата-ана­сы­ның бі­ре­уі мү­ге­дек бо­лып та­бы­ла­тын от­ба­сы­лар­дан шық­қан ба­ла­лар
    1
    1-ден (қо­са ал­ған­да) 1,5 – ге дей­ін
    19 463 * 1 = 19 463
    5
    Мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­ны тәр­би­е­леп отыр­ған от­ба­сы­лар­дан шық­қан ба­лалр
    1
    1-ден (қо­са ал­ған­да) 1,5 – ге дей­ін
    19 463 * 1 = 19 463
    6
    Ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар, же­тім ба­ла­лар
    1
    1-ден (қо­са ал­ған­да) 1,5 – ге дей­ін
    19 463 * 1 = 19 463
    7
    Мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек ала­тын от­ба­сы­лар­дан шық­қан ба­ла­лар
    1
    1-ден (қо­са ал­ған­да) 1,5 – ге дей­ін
    19 463 * 1 = 19 463
    8
    Кө­п­ба­ла­лы от­ба­сы­нан шық­қан ба­ла­лар
    1
    1-ден (қо­са ал­ған­да) 1,5 – ге дей­ін
    19 463 * 1 = 19 463
    9
    От­ба­сы­ның жан ба­сы­на шақ­қан­да­ғы кі­рі­сі шек­ті мөл­шер­ден тө­мен бо­ла­тын өзге са­нат­та­ғы ба­ла­лар
    1
    1-ден (қо­са ал­ған­да) 1,5 – ге дей­ін
    19 463 * 1 = 19 463
    10
    От­ба­сы­ның жан ба­сы­на шақ­қан­да­ғы кі­рі­сі шек­ті мөл­шер­ден жо­ға­ры бо­ла­тын өзге са­нат­та­ғы ба­ла­лар
    1
    0,5-тен (қо­са ал­ған­да) 1 – ге дей­ін
    19 463 * 1 = 19 463

    Ақтөбе облысы әкімдігінің

    2026 жылғы 10 наурыздағы

    № 47 қаулысына 2-қосымша

    Ақтөбе облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 4 шілдедегі

    № 126 қаулысына 2-қосымша

    Пилоттық жобаны іске асыру үшін 2026 жылға арналған

    Бірыңғай мемлекеттік тапсырыстың көлемі

    Ба­ғыт ата­уы
    Тап­сы­рыс кө­ле­мі
    1
    Бі­лім, шы­ғар­ма­шы­лық, спорт
    2 144 280 938 тең­ге
    Барлығы
    2 144 280 938 тең­ге

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.