«Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 наурыз 2026 ж.

    «Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26811 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. 1-тармақтың екінші абзацының күші 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақмола облысының әкімі

    М. Ахметжанов

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2026 жылғы 16 наурыздағы

    №А-3/97 қаулысына

    1-қосымша

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2022 жылғы 8 ақпандағы

    № А-2/60 қаулысына

    1-қосымша

    Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

    Елді мекен
    Тәрбиеленушілер саны
    Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
    болу режимі 10,5 сағаттық топта
    болу режимі
    9 сағаттық топта
    санаторлы топта
    түзету түріндегі топта
    жарты күн болатын топта
    Қала
    20014
    58 343 теңге
    53 889 теңге
    86 250 теңге
    103 249 теңге
    25 916 теңге
    Ауыл
    17725
    64 767 теңге
    59 600 теңге
    96 957 теңге
    116 633 теңге
    28 771 теңге

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2026 жылғы 16 наурыздағы

    № А-3/97 қаулысына

    2-қосымша

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2022 жылғы 8 ақпандағы

    № А-2/60 қаулысына

    2-қосымша

    Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері

    Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
    3 жасқа дейін
    3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін
    жарты күн болатын топта
    16 585 теңге
    20 388 теңге
    10 194 теңге

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.