«Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 наурыз 2026 ж.

    «Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16985 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 265-бабының 10-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 265-бабының 10-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау тәртібін айқындайды.

    Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген, өзгертілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушіге береді.»;

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы» ақпараттандыру объекті (бұдан әрі – ЖҚПБП) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарда бірге, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымша ларға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.»;

    6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Тіркелген құжаттары бар өтініш ЖҚПБП-да тіркелудің бірегей есептік нөмірін, күні мен уақытын (сағатын, минутын) бере отырып тіркеледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    7. Берілген өтініш туралы мәліметтер ЖҚПБП-да автоматты түрде орналастырылуға жатады және мыналарды қамтиды:

    1) өтініш берушінің тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

    2) өтініш иесі пайдалануға беру үшін сұрап отырған кен іздеушілік учаскесі аумағының координаттарын;

    3) өтініш келіп түскен күн мен уақытты қамтиды.»;

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ЖҚПБП арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

    Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.»;

    12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын және Кодекске сәйкестігін тексереді және келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді:

    1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кен іздеушілікке арналған лицензияны, қайта ресімделген лицензияны беру;

    2) Тізбедегі 9-тармақта көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

    Көрсетілетін қызметті алушының тыңдау туралы хабарламасын көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын ЖҚПБП-да қалыптастырады және автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП-дағы жеке кабинетінде орналастырады. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды рәсімдейді.

    Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты бас тартуға негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тарту туралы шешім қалыптастырып, оны ЖҚПБП арқылы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың прокурорына (бұдан әрі - прокурор) келісуге жібереді.

    Прокурор шешімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімді келіседі не келісуден бас тартады.

    Прокурормен келісу нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші инвесторлар тізіліміне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыны прокурордың жауабы келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.»;

    15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «15. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер ЖҚПБП арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.».

    1, 2 және 3-қосымша лар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бас прокуратурасы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект

    және цифрлық даму министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    2026 жылғы 17 наурыздағы

    № 103 Бұйрыққа

    1-қосымша

    «Кен іздеушілікке арналған

    лицензияларды беруге өтініштерді

    беру және қарау» мемлекеттік

    қызметтер көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    нысан

    ________________________

    (мемлекеттік органның атауы)

    ________________________

    жеке тұлғалар үшін өтініш

    берушінің тегі, аты, әкесінің

    аты (бар болса), жеке сәйкестендіру

    нөмірі, байланыс деректері

    Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беру туралы өтініш

    Кен іздеушілікке лицензия беруіңізді сұраймын

    Өті­ніш бе­ру­ші ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    1.
    Өті­ніш бе­ру­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (егер ол же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та көр­се­тіл­се), тұр­ғы­лық­ты же­рі, же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    2.
    Өті­ніш бе­ру­ші пай­да­ла­ну­ға бе­ру­ді өтін­ген кен із­де­у­ші­лік учас­ке­сін ай­қын­дай­тын аум­ақ­қа бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің гео­гра­фи­я­лық ко­ор­ди­нат­та­ры және жал­пы ауда­ны көр­се­ті­л­ген мас­шта­б­та көр­се­ту
    Кен іздеу учаскесінің ауданы:_________________________________
    Учаскенің географиялық координаттарда орналасуы:
    Бұ­ры­штық нүк­те­лер №
    Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің ко­ор­ди­нат­та­ры
    Сол­тү­стік ен­дік
    Шы­ғыс бой­лық
    гра­дустар
    ми­нут­тар
    се­кунд­тар
    гра­дустар
    ми­нут­тар
    се­кунд­тар
    1
    2
    ...
    3.
    Қо­са бе­рі­ле­тін құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі:

    1)________________________________________ 2)________________________________________ 3)________________________________________ 4)________________________________________ (құжаттардың атауы және парақтар саны)

    Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ деректері;

    көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.

    20 __ жылғы «__» _____сағат ____ минут.

    Бұйрыққа 2-қосымша

    «Кен іздеушілікке арналған

    лицензияларды беруге өтініштерді

    беру және қарау» мемлекеттік

    қызметтер көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    нысан

    ________________________

    (мемлекеттік органның атауы)

    ________________________

    жеке тұлғалар үшін - көрсетілетін

    қызметті алушының тегі, аты,

    әкесінің аты (болған кезде),

    жеке сәйкестендіру нөмірі

    (болған кезде), байланыс деректері

    Кен іздеушілікке арналған лицензияны қайта ресімдеуге өтініш

    Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын

    Өті­ніш бе­ру­ші ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    1.
    же­ке тұ­лға­лар үшін- көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның те­гі, аты және әке­сі­нің аты (егер ол же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та көр­се­тіл­се), аза­мат­тығы, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның са­лық тө­ле­у­ші ре­т­ін­де тір­кел­ге­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    2.
    ли­цен­зи­я­ның нө­мі­рін (ле­рін), ли­цен­зи­я­ны бер­ген бе­рі­л­ген кү­нін көр­се­ту
    3.
    қыз­мет тү­рі­нің то­лық ата­уын көр­се­ту
    4.
    ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу негіз­де­ме­сі неме­се се­беп­те­рін көр­се­ту
    Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ деректері; өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
    20 __ жылғы «__» _____сағат ____ минут.
    (құжаттардың атауы және парақтар саны)
    Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ деректері;
    көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
    20 __ жылғы «__» _____сағат ____ минут.

    Бұйрыққа 3-қосымша

    «Кен іздеушілікке арналған

    лицензияларды беру» мемлекеттік

    қызметті көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    «Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің ата­уы
    Об­лы­стар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
    2.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сі­лі
    Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­дың бі­рың­ғай плат­фор­ма­сы (бұ­дан әрі – ЖҚ­ПБП)
    3.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    7 (же­ті) жұ­мыс кү­ні
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра циф­ран­ды­ры­л­ған)
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    Кен із­де­у­ші­лік­ке ар­нал­ған ли­цен­зия, қай­та ре­сім­дел­ген ли­цен­зия неме­се осы Тіз­бе­мен көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және цифр­лық объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00- ден 18.30-ға дей­ін;
    2) ЖҚ­ПБП – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды)
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1. Ли­цен­зия алу үшін:
    1) кен із­де­у­ші­лік­ке ли­цен­зия бе­ру ту­ра­лы өті­нім;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бе­кіт­кен және кен із­де­у­ші­лік ке­зін­де пай­да­ла­ну жос­пар­ла­нып отыр­ған ме­ха­ни­ка­лан­ды­ру құ­рал­да­ры мен жаб­дық­тар­дың тіз­бе­сін, сон­дай-ақ кен із­де­у­ші­лік­тің учас­ке­сін­де өт­кі­зу жос­пар­ла­нып отыр­ған кен із­де­у­ші­лік бой­ын­ша жұ­мыстар­дың түр­ле­рі мен тә­сіл­де­рін си­патта­уды қам­ти­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    3) егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ме­ха­ни­ка­лан­ды­ру құ­рал­да­рын кен із­де­у­ші­лік­ке ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­луы­ның бі­рін­ші жы­лы ішін­де пай­да­ла­ну­ға ни­ет біл­дір­се, кен із­де­у­ші­лік жос­па­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    4) жер  пай­да­ла­ну­шы­ның неме­се  жер  учас­ке­сі­нің же­ке мен­шік ие­сі­нің, сон­дай-ақ ау­ма­ғын­да өті­ніш бе­рі­ле­тін жер қой­на­уы учас­ке­сін пай­да­ла­ну­шы­ның ЖҚ­ПБП ар­қы­лы қол қой­ы­л­ған ке­лі­сі­мі;
    5) егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ме­ха­ни­ка­лан­ды­ру құ­рал­да­рын кен із­де­у­ші­лік­ке ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­луы­ның бі­рін­ші жы­лы ішін­де пай­да­ла­ну­ға ни­ет біл­дір­се, кен із­де­у­ші­лік жос­па­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    Ли­цен­зия: жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер өзгер­ген: те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) өзгер­ген, ли­цен­зи­я­ның мер­зі­мі ұзар­ты­л­ған; жер қой­на­уы учас­ке­сі ау­ма­ғы­ның ше­ка­ра­сы өзгер­ген жағ­дай­лар­да қай­та ре­сім­де­лу­ге жа­та­ды.
    2. Ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
    1) кен із­де­у­ші­лік­ке ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­у­ге өті­нім.
    Егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше көз­дел­ме­се, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де цифр­лық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған, за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сім бе­ре­ді.
    Мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­лер­ден «цифр­лық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бар бо­луы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған ше­ші­мі­нің бар бо­луы;
    5) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін  қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы;
    6) өті­ніш неме­се оған қо­са бе­рі­ле­тін құ­жат­тар Ко­дек­сте көз­дел­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді;
    7) өті­ніш бе­рі­л­ген­ге дей­ін екі жыл ішін­де өті­ніш ие­сі­нің осы Ко­дек­стің 276-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­мен көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша ли­цен­зи­я­сы қай­та­ры­лып алын­ған бол­са;
    8) сұ­ра­ла­тын аумақ неме­се оның бір бө­лі­гі бас­қа тұл­ға­ға бе­рі­л­ген кен із­де­у­ші­лік­ке ли­цен­зия бой­ын­ша жер қой­на­уы учас­ке­сіне неме­се Ко­дек­стің 264-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес кен із­де­у­ші­лік­ке ли­цен­зия бе­ру­ге тый­ым са­лын­ған аум­ақ­қа жа­та­ды;
    9) өті­ніш бе­рі­л­ген­ге дей­ін бір жыл ішін­де сұ­рал­ған жер қой­на­уы учас­ке­сіне (оның бір бө­лі­гіне) қа­ты­сты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бұ­рын бе­рі­л­ген кен із­де­у­ші­лік­ке ар­нал­ған ли­цен­зия тоқ­та­тыл­ды;
    10) сұ­ра­ла­тын кен із­де­у­ші­лік учас­ке­сі­нің ау­ма­ғы Ко­дек­стің 269-ба­бы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­мей­ді.
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі жа­нын­да­ғы бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1465.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.