Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 283 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 283 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағының 3 тармақшасымен бекітілген Қазығұрт ауданы әкімдігінің «Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. «Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Медеуовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
А.А.Исмаилов
Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ 58 қаулысына қосымша
Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 283 қаулысына 3 – қосымша
«Қазығұрт аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту саясаты саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №95 үй, индекс 160300.
10. Осы ереже Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару, тұрғын үйді инспекциялау болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызмет хат алмасу жүргізу;
- ауданның атқарушы органдарынан қажетті құжаттарымен, ақпараттар, қажетті қызметтері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсініктемелер сұратуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау.
- аудандық әкімдіктің және мәслихаттың мәжілістеріне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың жиналыстарына қатысу.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
2) Міндеттері:
1) жергілікті, өкілетті және атқарушы органдардың актілерін жасауға қатысады және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауданның тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жақсарту, жолаушылар көлігі мен тасымалдауды ұйымдастыру, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; коммуналдық тұрғын үйлерді беру және оны жекешелендіру мәселелері бойынша ұсыныстарды аудан әкімдігінің қарауына енгізеді;
2) объектілермен коммуникациялардың құрылысын, қайта құрылуын, қалпына келтіру, күрделі жөнделуін, аумақтардың абаттандырылуын, көгалдандырылуын реттейтін мәселелердің нормалары мен ережелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
3) шаруашылық құрылымдық бөлімшелердің, ведомоствоға қарасты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін басқаруды жүзеге асырады, белгіленген тәртіпте оларды құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар дайындайды.
4) мекеменің құзыреті шегінде тұрғын үй –коммуналдық шуашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі саласында бағаның қалыптасуына талдау жүргізеді;
6) экономикалық тұрақты жұмысты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасайды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады;
7) коммуналдық шаруашылықты қысқы мезгілдегі жұмысқа дайындау бойынша кәсіпорындар қызмет берушілермен тұтынушылардың (ПИК) қызметін үйлестіреді және жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді;
8) халыққа және бюджеттік сала объектілеріне кәсіпорындар ұсынатын коммуналдық қызметтерге, жолаушыларды тасымалдауға бағалар мен тарифтердің дәлелділігін келіседі және тексереді, олар бойынша қорытындылар береді және баға мен монополияға қарсы саясат бойынша облыстық мемлекеттік комитетке келісуге ұсыныстар енгізеді;
9) коммуналдық қызмет көрсетуді жетілдіру, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алуды және бөлуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және аудан әкімдігінің қарауына енгізеді;
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою үшін азаматтардан белгіленген тәртіппен құжаттар, өздері тұрып жатқан тұрғын алаңды жекешелендіруге өтініштер мен құжаттар қабылдайды;
11) тұрғын үй мәселесі бойынша азаматтардан, ұйымдардан, мекемелерден келіп түскен өтініштерді қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу жағдайын талдайды, тұрғын үй комиссиясының қарауына тиісті ұсыныстар енгізеді;
12) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру туралы аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындайды, тұрғын үй саясаты мәселесі бойынша аудан әкімдігінің құқықтық актілерін әзірлеуге қатысады;
13) белгіленген тәртіппен:
-мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі тұрғын жайларға қоныстану құқығына жалдау шарттарын;
-қызметтік тұрғын жайларын алуға жалдау шарттарын;
-тұрғын үйлерді жекешелендіру туралы шарттарды рәсімдеуді жүзеге асырады.
14) тұрғын үй комиссиясының жұмысын қамтамасыз етеді, бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
15) автобустарды, шағын автобустарды және таксилерді қолданумен жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
16) жолаушыларды және жүкті тұрақты аудандық автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстарды ұйымдастырады;
17) автомобиль жолдарын дамытудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
18) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сай бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
19) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастырады;
20) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындайды;
21) кондоминиум объектісінің басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келіседі;
22) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады;
23) елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
24) көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастырады;
25) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындайды;
26) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келіседі;
27) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады;
28) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығарады;
29) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу жатады;
30) «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметті көрсетеді.
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
1) ауданның тұрғын үйлерін жылыту маусымына дайындау, пәтер иелері кооперативтеріне (бұдан әрі –ПИК) жұмыс, су тасқынына дайындау;
2) Ауданның тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, жылу-электр мен жабдықтау, сумен жабдықтау және канализация бойынша жұмыстарды бақылау, ұйымдастыру және жүргізу;
3) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және тексіздерді жерлеу;
4) ауданның көше-жол желілеріндегі автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
5) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымын дамыту;
6) сумен жабдықтау, су бұру және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
7) аудандық жолаушылар көлігі мен таксидің тұрақты бағыттарына жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сай бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
9) ипотекалық және коммуналдық тұрғын үйлерді есепке алу және бөлу;
10) жергілікті атқарушы органның резерві есебінен шұғыл шығындарға арналған іс-шаралар өткізу;
11) елді мекендерді абаттандыру, елді мекендердің тазалық жағдайын қамтамасыз ету, елді мекендерді көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізу, жерлеу орындарын күтіп-ұстау аудан көшелерімен өзге де елді мекендердегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
12) көлік инфроқұрылымын дамыту, барлық меншік нысандарындағы жолаушыларды тасымалдаушыларды жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігінің, қауіпсіздік техникасымен санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келетін диспетчерлік қызметпен және аялдау павильондарымен (аялдамалармен) қамтамасыз ету;
13) тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Тексеруді «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасынң Заңына сәйкес жүргізу болып табылады;
14) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақтауына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына;
15) объектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
16) көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуы;
17) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақтылы орындалуына;
18) көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
19) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына;
20) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуге;
21) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына;
22) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.
23) Тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда 0,07 мега Паскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде (жылумен жабдықтау ұйымдары) жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мега Паскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.
24) Тұрғын үй инспекциясы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады.
25) Елді мекендерді электр желісімен және газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстарын жүргізеді;
26) Құрылысы аяқталған электр және газ жүйесі нысандарының және көше жарықтарының құжаттарын рәсімдеп, елді мекен тұрғындарына электр жарығын қосу жұмыстарын үйлестіреді;
27) ауданның коммуналдық меншігіндегі электр желілерінің және газ жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
28) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
29) Елді мекендерді электр желісімен және газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуді үйлестіру;
30) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаңғыбас және иесіз жануарларды аулау және олардың санын реттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы мердігер ұйымдарды айқындау, аталған жұмыстардың орындалуын үйлестіру және бақылау.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
24. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1. Қазығұрт аудандық «Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жарық-жол және саябақтары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2. Қазығұрт аудандық «Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Таза су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Қазығұрт аудандық «Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Тұрғын үй және газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.