Ақсуат ауданы әкiмiнiң 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 3 «Ақсуат ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақсуат ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Ақсуат ауданы әкiмiнiң «Ақсуат ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31551 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 176 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
№ 176 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Ойшілік ауылы, атауы жоқ көше, Айнабастау фельдшерлік пункті «Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының Ақсуат ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Айнабастау ауылының аумағы.
№ 190 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
№ 190 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Көкжыра ауылы, атауы жоқ көше, Мүрсәлім фельдшерлік пункті «Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының Ақсуат ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Мүрсәлім ауылының аумағы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсуат ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Е. Ескендиров
«КЕЛІСІЛДІ»
Аксуат аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.