«Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13815 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық нәтижесінде барлық жеке-дара археологиялық олжаларды қабылдау.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 151-НҚ бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 35988) мемлекеттік музейлерде Қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясы (бұдан әрі – мемлекеттік музей комиссиясы) құрылады;»;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 146-НҚ бұйрығына сәйкес есепке алу және сақтау арқылы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 35961);».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы
К. Искаков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.