Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округі Ұзынағаш ауылы Астана көшесі № 2 үйдің авариялық жағдайы бойынша объектілік техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округі Ұзынағаш ауылы Астана көшесі №2 үйдің авариялық жағдайы бойынша объектілік техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. «Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инпекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Н. Ертас
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.