«Жалағаш ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 25-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жалағаш ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 25-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8564-11 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жалағаш ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Жалағаш ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен айқындалған Жалағаш ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібінде:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жалағаш ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер алушының жиынтық кірісін «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (әрі қарай – Қағидалар) айқындалған тәртіппен «Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептейді.»;
4-тармақ алынып тасталсын;
5 және 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері уәкілетті органмен Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептеледі.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте алушының өткен тоқсандағы жиынтық кірісі мен коммуналдық қызметтердің шығындары есепке алынады.».
2. «Жалағаш аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оның «Жалағаш аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы
У. Елеусинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.