Баянауыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы «Баянауыл ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» №58/02 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8-бабы 3) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы «Баянауыл ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» № 58/02 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2014 жылғы 28 ақпанда № 3722 болып енгізілген, 2014 жылғы 14 наурыздағы № 11 (10610) «Баянтау» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы К.К. Абылгазинге жүктелсін.
Аудан әкімі
Н. Күлжан
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.