Қазығұрт ауданының кейбір елді мекендерін есепті деректерден шығару туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 ақпан 2016 ж.

    Қазығұрт ауданының кейбір елді мекендерін есепті деректерден шығару туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазығұрт ауданы әкімдігінің ұсынуын ескере отырып Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қазығұрт ауданының Ащыбұлақ, Кезеңбұлақ, Молбұлақ елді мекендері есепті деректерден шығарылсын.

    2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

    2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.

    Облыс әкімі

    Б. Атамқұлов

    Сатыбалды Д.

    Жылқышиев Б.

    Қаныбеков С.

    Садыр Е.

    Туяқбаев С.

    Абдуллаев А.

    Мендебаев К.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.