Ақкөл ауданының елді мекенінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 наурыз 2026 ж.

    Ақкөл ауданының елді мекенінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасы на сәйкес жалпы алаңы 858,2 гектар Ақкөл ауданы Радовка ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.

    көрсетілген бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақкөл ауданының әкімі

    Б. Әбдірахманов

    Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы

    С. Абаханов

    Бірлескен Ақкөл ауданы

    әкімдігінің қаулысына

    2026 жылғы 10 наурыздағы

    № А-3/48 қаулысы

    1-қосымша

    Ақкөл аудандық мәслихатының

    2026 жылғы 10 наурыздағы

    № С 55-4 шешіміне

    1-қосымша

    Ақкөл ауданы, Радовка ауылының шекарасы (шегі)

    ШАРТТЫ БЕЛГІСІ

    - Шекара (шегі)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.