«Ақсу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Ақсу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 25-112 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақсу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Ақсу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 25-112 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №177-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Ақсу аудандық мәслихатының төрағасы
Б. Сулейменов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.