Қоғамдық сервитутты белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 наурыз 2026 ж.

    Қоғамдық сервитутты белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы 5-1-тармағына, 69-бабы 4-тармағының 7-1-тармақшасына, 71-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2031 жылғы 9 желтоқсанға дейінгі мерзімге жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, қатты пайдалы қазбаларға барлау жүргізу мақсатында Ұзынкөл ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 645,8 гектар «BAITAS GEOLOGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мынадай ауыл шаруашылығы алқаптары бойынша қоғамдық сервитут белгіленсін:

    Қор жерінде 70,8 га

    «Курбанов У.К.» ш/қ жер пайдалануда (01-002-018-073) 43,0 га;

    «Зеленое-1» ЖШС жер пайдалануда (01-002-018-068) 532,0 га.

    2. Пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу мерзімдері мен орнын, жерді рекультивациялау жөніндегі міндеттерді және өзге де жағдайларды айқындау үшін «BAITAS GEOLOGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушылармен 01-002-018-073, 01-002-018-068 кадастрлық нөмірі бойынша жеке сервитут белгілеу туралы шарт жасасуы қажет.

    3. Жер қойнауын пайдаланушының жеке сервитутты белгілеу туралы жасалған шартқа сәйкес меншік иелері мен жер пайдаланушыларға сервитут үшін төлемақы сомасын төлегенге дейін пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерделеу жөніндегі жұмыстарға кірісуге құқығы жоқ.

    4. «Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Астрахан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Астрахан ауданының әкімі

    Т.Ерсейітов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.