Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 наурыз 2026 ж.

    Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-1 бабы 3-тармағының 3) тармақшаcына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік аттестаттауды жүргізу қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау

    министрі

    2026 жылғы 11 наурыздағы

    № 32

    Бұйрығымен бекітілген

    Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік аттестаттауды жүргізу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдары) қатысты мемлекеттік аттестаттауды жүргізу тәртібін белгілейді.

    2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

    1) аттестаттау комиссиясы – аттестаттау рәсімін өткізуге уәкілетті алқалы орган;

    2) денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау – білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған, білім берудің сапасы мен қолжетімділігін кешенді түрде бағалау рәсімін білдіреді; 3) жасырын сауалнама – жеке деректерді көрсетпей, құпиялылықты қамтамасыз ете отырып, жауап берушілердің ашық пікірін білдіруге мүмкіндік беретін ақпарат жинау әдісі.

    3. Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі –уәкілетті орган) бес жылда бір рет өткізеді.

    4. Бірінші мемлекеттік аттестаттау денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ жаңадан құрылған ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру кезінен бастап бір жылдан кешіктірілмей өткізіледі.

    2-тарау. Мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру тәртібі

    5. Уәкілетті орган жыл сайын 1 қарашаға дейін ағымдағы жылғы мемлекеттік аттестаттауға жататын денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдарының тізбесін әрбір білім беру ұйымы бойынша мемлекеттік аттестаттауды өткізу жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып (бұдан әрі – Тізбе) бекітеді. Мемлекеттік аттестаттау көрсетілген тізбеге сәйкес өткізіледі.

    Тізбе уәкілетті органның ресми интернет-ресурстарында бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады.

    Бекітілген Тізбеге өзгерістер енгізу мынадай жағдайларда жол беріледі:

    1) денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының Тізбеден шығару туралы өтініші;

    2) денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылуы, таратылуы немесе қызметінің тоқтатылуы туралы хабарламасы.

    6. Тізбеге өзгерістер бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ресми интернет-ресурста жаңартылған Тізбені орналастырады және денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымын енгізілген өзгерістер туралы хабардар етеді.

    7. Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы мемлекеттік аттестаттауды өткізу туралы оның басталуына дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

    8. Аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) уәкілетті органның бұйрығымен құрылады. Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы тиіс және кемінде 5 (бес) мүшеден тұрады. Комиссия құрамына:

    1) уәкілетті органның;

    2) денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы ведомстволық бағыныста болатын мемлекеттік органдардың;

    3) мемлекеттік аттестаттауға жататын денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдарының қызмет бейіні бойынша білікті мамандар болып табылатын білім беру ұйымдары және олардың бірлестіктерінің (қауымдастықтарының);

    4) бейінді бағыттар бойынша медициналық ұйымдардың, мекемелердің өкілдері кіреді.

    Комиссия төрағасы (бұдан әрі – Төраға) уәкілетті органның медициналық ғылым, білім беру және денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін бірінші басшысының орынбасарының шешімімен уәкілетті органның қызметкері арасынан айқындалады.

    9. Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы үй-жайларға, құжаттамаға, ақпараттық жүйелерге, білім беру ресурстарына кедергісіз қол жеткізуді, сондай-ақ мемлекеттік аттестаттауды жүргізу үшін сұратылған барлық материалдардың ұсынуын қоса алғанда, Комиссияның жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

    3-тарау. Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу тәртібі

    10. Мемлекеттік аттестаттау Комиссиясының денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымына баруымен, мемлекеттік аттестаттау басталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

    Бағалауға мемлекеттік аттестаттау басталған күнге дейінгі алдыңғы екі оқу жылы мен ағымдағы оқу жылы ішінде жүзеге асырылған денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының қызметі жатады.

    11. Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы қызметінің мынадай бағыттары зерделенеді және бағаланады:

    1) ұйымдастыру-құқықтық қызметі (жарғының, білім беру қызметі лицензиясының болуы (мамандықтар бойынша), соңғы мемлекеттік аттестаттау, аккредиттеу (сертификат) туралы мәліметтер, денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының құрылымы);

    2) тиісті біліктілігі бар педагогтердің және тәлімгерлердің, өндірістік оқыту шеберлерінің болуын қоса алғанда, мамандықтар бойынша білім беру процесінің кадрлық қамтамасыз етілуі;

    3) мамандықтар бөлінісінде білім алушылар контингенті (қабылдау/ бітіру);

    4) «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖМС) және 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» бұйрықтарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31672 болып тіркелген) сәйкес оқу процесін ұйымдастыру (үлгілік оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, сабақ кестесін сақтау), педагогикалық және оқу жүктемесі;

    5) «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) сәйкес оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оның ішінде тәрбие іс-шараларын жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру;

    6) мамандықтар бойынша материалдық-техникалық қамтамасыз ету (оқу кабинеттерімен, зертханалармен, оқу-өндірістік шеберханалармен қамтамасыз етілуі, симуляциялық орталықтың/кабинеттің болуы);

    7) ақпараттық және цифрлық ресурстар (ресми сайт, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі, контингент туралы өзекті деректер базасының болуы, интернет желісімен, компьютерлермен, ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етілуі), кітапхана қоры;

    8) «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) көзделген білім алушылардың оқу жетістіктерін ішкі бағалау жүйесінің жұмысын талдау, (ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау), практикалық және кәсіби құзыреттерді тексеру, оның ішінде практикалық тапсырмаларды, жағдаяттық есептерді немесе бейін ерекшелігін көрсететін өзге де бағалау әрекеттерін орындау арқылы білім мен дағдыларды бағалау;

    9) білім беру процесіне қатысушыларға сауалнамасы;

    10) өндірістік және кәсіптік практиканы ұйымдастыру, оның ішінде практика базаларымен шарттардың болуы, сондай-ақ практиканы, тағылымдамаларды бірлесіп іске асыру, қорытынды аттестаттауға қатысу және түлектерді жұмысқа орналастыру нысанында жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау.

    12. Білім беру бағдарламаларын іске асыруды зерделеу білім деңгейін ескере отырып жүргізіледі және білім беру процесінің мазмұны мен шарттарының МЖМС, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған, сондай-ақ білім беру бағдарламалары талаптарының сақталуы, практиканы ұйымдастыру, қорытынды аттестаттау және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл зерттеледі.

    13. Білім беру процесінің жағдайларын қанағаттану деңгейін бағалау алда болатын аттестаттау кезіңінде қағаз жеткізгіштерді пайдалану арқылы немесе онлайн форматта Комиссиямен жүргізілетін жасырын сауалнама негізінде жүзеге асырылады.

    Респонденттер ретінде білім алушылар, ата-аналар (заңды өкілдер), педагогтер және жұмыс берушілер қатысады, бұл ретте нәтижелердің объективтілігі мен анықтығы қамтамасыз етіледі.

    Комиссия жасырын сауалнама нәтижелерін жинақталған түрде және денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы қызметін бағалау көрсеткіші ретінде пайдаланады.

    14. Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының қызметіне қатысты материалдарды, байқау нәтижелерін, білім алушылардың практикалық дағдыларын бағалауды, сауалнамаларды, құжаттаманы талдау және өзге де материалдарды зерделеу қорытындылары бойынша Комиссия ақпаратты аналитикалық өңдеуді және бағалауды жүзеге асырады.

    15. Комиссияның мүшелері белгіленген бағалау бағыттары бойынша анықталған фактілерді, қорытындылар және ұсынымдарды қамтитын талдамалық материалдарды дайындайды. Талдамалық материалдар жинақтау және жүйелеу үшін Төрағаға ұсынылады.

    16. Ұсынылған материалдарды жан-жақты талдау нәтижелері бойынша Комиссия алқалы түрде осы Қағидаларың 11-тармағында көрсетілген барлық бағыттар бойынша бағалау нәтижелерін қарайды және денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының білім беру қызметінің сәйкестік дәрежесі туралы шешім қабылдайды.

    17. Комиссия шешімі Комиссия отырысында қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен алқалы түрде қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

    18. Комиссия белгіленген сәйкестік дәрежесінің негізінде мемлекеттік аттестаттау қорытындысын (бұдан әрі – Қорытынды) қалыптастырады, онда осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының мемлекеттік аттестаттаудан өтті немесе өтпеді деп тану туралы негізделген ұсынысы қамтылады. Қорытынды екі данада жасалып, оған Комиссия Төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.

    19. Қорытындының бір данасы денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымына басшысының қолы қойылып тапсырылады, екінші данасы мемлекеттік аттестаттау материалдарымен бірге уәкілетті органда сақталады. Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы басшысының қол қоюдан бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалып, мемлекеттік аттестаттау материалдарына қоса тіркеледі.

    20. Мемлекеттік аттестаттау материалдары мен Қорытынды денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымын мемлекеттік аттестаттаудан өтті немесе өтпеді деп тану туралы бұйрық шығарылған күннен бастап уәкілетті органда кемінде 5 (бес) жыл сақталады.

    21. Комиссияның Қорытындысы негізінде уәкілетті орган денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымын мемлекеттік аттестаттаудан өтті немесе өтпеді деп тану туралы бұйрық шығарады. Бұйрық Комиссия Қорытындысы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады.

    Мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген жағдайда денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдары туралы деректер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін жіберіледі.

    22. Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бұйрық шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының назарына жеткізіледі.

    23. Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы ақпарат мемлекеттік аттестаттауды жүргізген уәкілетті органның ресми интернет-ресурстарында бұйрық шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей орналастырылады.

    24. Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері уәкілетті орган мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау және білім беруді мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдармен білім беру қызметі сапасының жай-күйін талдау, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдарына әдістемелік, ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау шараларын әзірлеу және іске асыру үшін пайдаланылады.

    Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы мемлекеттік аттестаттау нәтижелерін білім беру процесін жақсарту және білім сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мақсатында педагогикалық кеңес отырысында (немесе білім беру ұйымының жарғысында көзделген өзге де алқалы органда) қарауды қамтамасыз етеді.

    4-тарау. Мемлекеттік аттестаттау нәтижелеріне шағымдану тәртібі

    25. Комиссияның Қорытындысымен келіспеген жағдайда денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымы Қорытындыны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік аттестаттауды жүргізген органға – уәкілетті органға жазбаша шағым беруге құқылы.

    26. Комиссия Қорытындысына және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымын мемлекеттік аттестаттаудан өтті немесе өтпеді деп тану туралы шешімге шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның бірінші басшысының атына беріледі және тіркелген күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаралады.

    Комиссия Қорытындысына шағымдану оның орындалуын тоқтатпайды.

    27. Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік аттестаттау нәтижелерін сот тәртібімен шағымдануға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес оларды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

    Денсаулық сақтау саласындағы

    техникалық және кәсіптік,

    орта білімнен кейінгі білімнің

    білім беру бағдарламаларын

    іске асыратын ұйымдарға

    қатысты мемлекеттік аттестаттауды

    жүргізу қағидаларына

    қосымша

    Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік аттестаттау талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытынды (қажеттісінің астын сызу)

    1. Ұйым

    __________________________________________________________________________

    __________________________________________________________________________ (толық заңды атауы, БСН, ұйымның мекенжайы, құрылтайшысы)

    2. Заңды тұлғаның байланыс деректері

    _________________________________________________________________________

    ________________________________________________________________________ (телефон, электрондық пошта, web-сайт)

    3. Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері

    ________________________________________________________________________

    _______________________________________________________________________ (басшының Т.А.Ә., лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)

    4. Құқық белгілейтін, рұқсат беру және құрылтай құжаттары

    _________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________

    Өл­шем­де­рі
    Өл­шем­щарт­тар
    Ба­ға
    Орын­дал ға­ны ту­ра­лы бел­гі (+)
    1
    Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның мақ­са­ты, мін­дет­те­рі және құн­ды­лық­та­ры – (6 өл­шем­дер)
    1.1
    Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның жал­пы си­патта­ма­сы ту­ра­лы анық­та­ма
    Ақ­па­рат­тың қол­же­тім­ді­лі­гі
    үз­дік
    5
    Ақ­па­рат­тың бол­мауы
    на­шар
    0
    1.2
    Ат­те­стат­та­ла­тын ма­ман­дық­тар бой­ын­ша ли­цен­зи­я­ның бо­луы
    Бар
    үз­дік
    5
    Жоқ
    на­шар
    0
    1.3
    Соң­ғы ак­кре­дит­теу (сер­ти­фи­кат) ту­ра­лы мә­лі­мет
    Бар
    үз­дік
    5
    Жоқ
    на­шар
    0
    1.4
    Мем­ле­кет­тік ат­те­стат­тау ба­стал­ған күн­ге дей­ін­гі ал­дың­ғы екі оқу жы­лы мен ағым­да­ғы оқу жы­лы­ның жыл­дық жос­пар­ла­ры
    Бар
    үз­дік
    5
    Жоқ
    үз­дік
    0
    1.5
    Мем­ле­кет­тік ат­те­стат­тау ба­стал­ған күн­ге дей­ін­гі ал­дың­ғы екі оқу жы­лы мен ағым­да­ғы оқу жы­лы­ның жұ­мыс оқу жос­пар­ла­ры­ның (қа­зақ және орыс тіл­де­рін­де­гі кө­шір­ме­ле­рі) қол­да­ны­с­та­ғы МЖМС мен үл­гі­лік оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на сәй­кес бо­луы
    МЖМС та­лап­та­ры­на сәй­кес
    үз­дік
    5
    Мем­ле­кет­тік стан­дарт та­лап­та­ры­на сәй­кес емес
    на­шар
    0
    1.6
    Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы Тж­КОБ ұй­ы­мы­ның құ­ры­лы­мы
    Құ­жат­тың бе­кі­ті­л­ген кө­шір­ме­сі­нің бо­луы
    үз­дік
    5
    Құ­жат­тың бе­кі­ті­л­ген кө­шір­ме­сі­нің бол­мауы
    на­шар
    0
    2
    Оқы­ту және оқу (5 өл­шем­дер)
    2.1
    Мем­ле­кет­тік ат­те­стат­тау ба­стал­ған күн­ге дей­ін­гі екі оқу жы­лы мен ағым­да­ғы оқу жы­лы үшін бі­лім алушы­лар кон­тин­ген­ті­нің ма­ман­дық­тар бө­лі­ні­сін­де (қа­был­дау, бі­ті­ру) -2-ҰК ста­ти­сти­ка­лық есе­бі де­ректе­рі және «Ұлт­тық бі­лім бе­ру де­ректер ба­за­сы» ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің (бұ­дан әрі - ҰБДБ) де­ректе­рі бой­ын­ша тал­дау
    Мем­ле­кет­тік ат­те­стат­тау ба­стал­ған күн­ге дей­ін­гі ал­дың­ғы екі оқу жы­лы және ағым­да­ғы оқу жы­лы бой­ын­ша ма­ман­дық­тар бө­лі­ні­сін­де бі­лім алушы­лар кон­тин­ген­ті ту­ра­лы то­лық кө­лем­де­гі де­ректер
    үз­дік
    5
    Мем­ле­кет­тік ат­те­стат­тау ба­стал­ған күн­ге дей­ін­гі ал­дың­ғы екі оқу жы­лы және ағым­да­ғы оқу жы­лы бой­ын­ша ма­ман­дық­тар бө­лі­ні­сін­де бі­лім алушы­лар кон­тин­ген­ті ту­ра­лы де­ректер жоқ
    на­шар
    0
    2.2
    Сту­дент­тер­дің тұ­руы үшін жағ­дай­лар жа­сау, оқу­дың то­лық ке­зе­ңіне ар­нал­ған жа­тақ­ха­на­лар­дың және/неме­се хо­стел­дер­дің және/неме­се қо­нақ үй­лер­дің бо­луы (мен­ші­гін­де не ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу, же­дел бас­қа­ру, се­нім­гер­лік бас­қа­ру құқы­ғы­мен неме­се жал­дау құқы­ғы­мен), тұ­ру­мен қам­та­ма­сыз етуі ( ҰБДБ-ға сәй­кес мұқ­таж сту­дент­тер са­ны­на шақ­қан­да қам­ту үле­сі, %)
    100 %
    үз­дік
    5
    65 – 99 %
    жақ­сы
    4
    30 – 64 %
    ор­та­ша
    3
    30 %-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    2.3
    Оқу-әді­сте­ме­лік жұ­мысты тал­дау (пән­дік-әді­сте­ме­лік бір­ле­стіктер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, пән­дер­дің жұ­мыс оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның, ба­қы­лау-өл­шеу құ­рал­да­ры­ның бо­луы, ашық са­бақ­тар)
    Бар
    үз­дік
    5
    То­лық емес
    ор­та­ша
    3
    2.4
    Пе­да­гог­тер­дің қа­ла­лық, об­лы­стық, рес­пуб­ли­ка­лық және ха­лы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі іс-ша­ра­лар­ға қа­ты­суы, же­ті­стікте­рі
    Ат­те­ста­ци­я­лық ке­зең­де қа­тыс­қан пе­да­гог­тер­дің үле­сі – 60%-дан 100%-ға дей­ін
    үз­дік
    5
    Ат­те­ста­ци­я­лық ке­зең­де қа­тыс­қан пе­да­гог­тер­дің үле­сі – 40%-дан 59%-ға дей­ін
    жақ­сы
    4
    Ат­те­ста­ци­я­лық ке­зең­де қа­тыс­қан пе­да­гог­тер­дің үле­сі – 20%-дан 39%-ға дей­ін
    ор­та­ша
    3
    Ат­те­ста­ци­я­лық ке­зең­де қа­тыс­қан пе­да­гог­тер­дің үле­сі – 20%-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    2.5
    Оқу же­ті­стікте­рі, бі­лім са­па­сы (ағым­да­ғы, ара­лық және қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау)
    Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­та­уды сәт­ті тап­сыр­ған бі­ті­ру­ші­лер­дің үле­сі – 90%-дан жо­ға­ры
    үз­дік
    5
    Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­та­уды сәт­ті тап­сыр­ған бі­ті­ру­ші­лер­дің үле­сі – 70%-дан 89%-ға дей­ін
    жақ­сы
    4
    Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­та­уды сәт­ті тап­сыр­ған бі­ті­ру­ші­лер­дің үле­сі – 50%-дан 69%-ға дей­ін
    ор­та­ша
    3
    Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­та­уды сәт­ті тап­сыр­ған бі­ті­ру­ші­лер­дің үле­сі – 50%-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    3
    Кадр­лық құ­рам - 10 (өл­шем­дер)
    3.1
    Ти­іс­ті бей­і­ні бой­ын­ша жо­ға­ры (жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі) пе­да­го­ги­ка­лық/ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі бар неме­се пе­да­го­ги­ка­лық қай­та да­яр­ла­уды рас­тай­тын құ­жа­ты бар пе­да­гог­тер­дің үле­сі
    100 %
    үз­дік
    5
    95 - 99 %
    жақ­сы
    4
    80 - 94 %
    ор­та­ша
    3
    80 %-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    3.2
    Үш жыл­да ке­мін­де бір рет бі­лік­ті­лік са­на­ты дең­гей­ін кө­тер­ген/рас­тай­тын пе­да­гог­тер­дің үле­сі (со­ның ішін­де бас­шы­лар – үш жыл­да ке­мін­де бір рет)
    100 %
    үз­дік
    5
    95 - 99 %
    жақ­сы
    4
    80 - 94 %
    ор­та­ша
    3
    80 %-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    3.3
    Үш жыл­да ке­мін­де бір рет пе­да­гог­тер­дің (со­ның ішін­де бас­шы­лар­дың, бас­шы орын­ба­сар­ла­ры­ның) пе­да­го­ги­ка­лық бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры­нан өт­кен пе­да­гог­тер­дің үле­сі
    100 %
    үз­дік
    5
    95 - 99 %
    жақ­сы
    4
    80 - 94 %
    ор­та­ша
    3
    80 %-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    3.4
    Пе­да­гог­тер­дің сәй­кес бей­і­ні бой­ын­ша бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ды үш жыл­да ке­мін­де бір рет, кө­ле­мі 36 са­ғат­тан аз емес түр­де қам­та­ма­сыз ету. Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның бас­шы­ла­ры үшін бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру – үш жыл­да ке­мін­де бір рет
    100 %
    үз­дік
    5
    95 - 99 %
    жақ­сы
    4
    80 - 94 %
    ор­та­ша
    3
    80 %-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    3.5
    Негіз­гі жұ­мыс ор­ны ли­цен­зи­я­ға ие ұй­ым бо­лып та­бы­ла­тын пе­да­гог­тер­дің, ар­найы пән­дер оқы­ту­шы­ла­ры мен өн­ді­рі­стік оқы­ту тә­лім­гер­ле­рі­нің, ше­бер­ле­рі­нің, дай­ын­да­ла­тын ма­ман­дық­тар бой­ын­ша пе­да­гог­тер­дің жал­пы са­нын­да­ғы үле­сі
    100 %
    үз­дік
    5
    85 - 99 %
    жақ­сы
    4
    70 - 84 %
    ор­та­ша
    3
    70 %-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    3.6
    Ма­манды­ғы бой­ын­ша пе­да­гог­тер­дің жал­пы са­ны­нан (ма­ман­дық­тар: «Ем­деу ісі», «Мей­ір­гер ісі», «Аку­шер ісі») қол­дан­ба­лы және/неме­се ака­де­ми­я­лық ба­ка­лаври­ат, ма­ги­стра­ту­ра дең­гей­ін­де­гі мей­ір­гер пе­да­гог­тер­дің (оқы­ту­шы­лар­дың) үле­сі
    20%-дан жо­ға­ры
    үз­дік
    5
    14 – 19 %
    жақ­сы
    4
    10 – 13 %
    ор­та­ша
    3
    10%-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    3.7.
    Негіз­гі жұ­мыс ор­ны ли­цен­зи­я­ға ие ұй­ым бо­лып та­бы­ла­тын, дай­ын­да­ла­тын ма­ман­дық­тар бой­ын­ша пе­да­гог­тер­дің жал­пы са­ны­нан (тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім бе­ру үшін) пе­да­гог-са­рап­шы­лар­дың, пе­да­гог-зерт­те­у­ші­лер­дің, пе­да­гог-ше­бер­лер­дің және/неме­се ма­гистр дә­ре­же­сі, фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD), бей­і­ні бой­ын­ша док­тор, ғы­лым док­то­ры, ғы­лым кан­ди­да­ты, фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD) ғы­лы­ми дә­ре­же­сіне ие тұ­лға­лар­дың үле­сі
    100 %
    үз­дік
    5
    65 - 99 %
    жақ­сы
    4
    30 - 64 %
    ор­та­ша
    3
    30%-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    3.7.1
    Негіз­гі жұ­мыс ор­ны ли­цен­зи­я­ға ие ұй­ым бо­лып та­бы­ла­тын, дай­ын­да­ла­тын ма­ман­дық­тар бой­ын­ша пе­да­гог­тер­дің жал­пы са­ны­нан (ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру үшін) пе­да­гог-са­рап­шы­лар­дың, пе­да­гог-зерт­те­у­ші­лер­дің, пе­да­гог-ше­бер­лер­дің және/неме­се ма­гистр дә­ре­же­сі, фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD), бей­і­ні бой­ын­ша док­тор, ғы­лым док­то­ры, ғы­лым кан­ди­да­ты, фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD) ғы­лы­ми дә­ре­же­сіне ие тұ­лға­лар­дың үле­сі
    100%
    үз­дік
    5
    70 - 99%
    жақ­сы
    4
    40 - 69%
    ор­та­ша
    3
    40%-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    3.8
    Негіз­гі жұ­мыс ор­ны бі­лім бе­ру ли­цен­зи­я­сы­на ие ұй­ым бо­лып та­бы­ла­тын, дай­ын­да­ла­тын ма­ман­дық­тар бой­ын­ша (со­ның ішін­де бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген) ар­найы пән­дер оқы­ту­шы­ла­ры мен өн­ді­рі­стік оқы­ту тә­лім­гер­ле­рі­нің, ше­бер­ле­рі­нің жал­пы са­ны­нан соң­ғы 3 жыл ішін­де ұй­ым­дар­да және/неме­се өн­ді­рі­сте ке­мін­де 36 са­ғат кө­ле­мін­де та­ғы­лым­да­ма­дан өт­кен пе­да­гог­тер­дің үле­сі
    100 %
    үз­дік
    5
    55 - 99 %
    жақ­сы
    4
    10 - 54 %
    ор­та­ша
    3
    10 %-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    3.9
    Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның бас­шы­сын­да ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі бар бо­луы
    Бар
    үз­дік
    5
    Жоқ
    тө­мен
    2
    3.10
    Кадр­лық әле­ует­ті тал­дау (жа­сы, ең­бек өті­лі, са­на­ты ту­ра­лы ҰБДБ -ға сәй­кес мә­лі­мет­тер)
    Рас­тау
    үз­дік
    5
    Жар­ты­лай рас­тау
    ор­та­ша
    3
    Жоқ
    тө­мен
    2
    4
    Бі­лім­ге қол­же­тім­ді­лік­ті қам­та­ма­сыз ету (5 өл­шем­дер)
    4.1
    Оқу-тәр­би­е­лік жұ­мыс:
    4.1.1
    Тәр­би­е­лік жұ­мыстың ба­сым ба­ғыт­та­ры.
    Сәй­кес
    үз­дік
    5
    Іші­на­ра сәй­кес
    ор­та­ша
    3
    Сәй­кес емес
    тө­мен
    2
    4.1.2
    Тәр­би­е­лік жұ­мысты тал­дау (сту­дент­тік өзін-өзі бас­қа­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; құқық бұ­зу­шы­лық­тар­ды ал­дын алу жө­нін­де­гі ке­ңес; ку­ра­тор­лар ке­ңе­сі; ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры­на, спорт­тық жа­ры­стар­ға, олим­пи­а­да­лар­ға, WorldSkills кә­сі­би ше­бер­лік бай­қа­у­ла­ры­на қа­ты­су)
    Бар
    uzdik
    5
    То­лық емес
    ор­та­ша
    3
    Жоқ
    тө­мен
    2
    4.2
    Өн­ді­рі­стік оқы­ту:
    4.2.1
    Прак­ти­ка­ны ұй­ым­да­сты­ру (оқы­ту, оқу-өн­ді­рі­стік, ди­плом ал­дын­да­ғы). МЖМС та­лап­та­ры­на сәй­кес. Прак­ти­ка бағ­дар­ла­ма­ла­ры, шар­ттар­дың және бұй­рық­тар­дың бо­луы
    Бар
    үз­дік
    5
    То­лық емес
    жақ­сы
    4
    Жоқ
    тө­мен
    2
    4.2.2
    Өн­ді­рі­стік оқы­ту мен өн­ді­рі­стік прак­ти­ка­ның нәти­же­ле­рі (күн­де­лік­тер, ве­дом­ство, си­патта­ма­лар, прак­ти­ка нәти­же­ле­рін ба­ға­ла­удың ба­қы­лау ны­са­ны)
    Нор­ма­тив­тік та­лап­тар­ға сәй­кес
    үз­дік
    5
    Нор­ма­тив­тік та­лап­тар­ға іші­на­ра сәй­кес
    ор­та­ша
    3
    Нор­ма­тив­тік та­лап­тар­ға сәй­кес емес
    тө­мен
    2
    4.3
    Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның бі­ті­ру­ші­ле­рі­нің ма­ман­дық бой­ын­ша жұ­мысқа ор­на­ла­суы мен қыз­мет­те бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, со­ны­мен қа­тар, ма­ман­дық бой­ын­ша бі­ті­ру­ші­лер­дің жал­пы са­ны­нан бір жыл ішін­де жұ­мысқа ор­на­лас­қан және қыз­мет­те болған­дар­дың үле­сі, құ­жат­тық түр­де рас­тал­ған
    80 – 85 %
    үз­дік
    5
    75 – 79 %
    жақ­сы
    4
    75 %-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    5
    Бі­лім алушы­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету (10 өл­шем­дер)
    5.1
    Қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету ин­фра­құ­ры­лы­мы: са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық, өрт­ке қар­сы, тер­ро­ризм­ге қар­сы (рас­тай­тын құ­жат­тар)
    Қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету та­лап­та­ры­на сәй­кес
    үз­дік
    5
    Қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету та­лап­та­ры­на жар­ты­лай сәй­кес
    ор­та­ша
    3
    Қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету та­лап­та­ры­на сәй­кес емес
    тө­мен
    2
    5.2
    Мүм­кін­ді­гі шек­те­улі адам­дар­ға ар­нал­ған қол­же­тім­ді ор­та
    Бар
    үз­дік
    5
    Жоқ
    тө­мен
    2
    5.3
    Оқу про­це­сін ти­ім­ді жүр­гізу­ге ық­пал ете­тін «Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын жаб­дық­тар­мен және жи­һаз­бен жа­рақ­тан­ды­ру нор­ма­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2012 жы­л­ғы 7 на­уры­зда­ғы № 97 бұй­ры­ғы­на сәй­кес (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 7574 бо­лып тір­кел­ген) бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген нор­ма­лар­ға сәй­кес ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық ба­за­сы
    Жа­рақ­тан­ды­ры­лу нор­ма­ла­ры­на 100%-дан жо­ға­ры сәй­кес
    үз­дік
    5
    Жа­рақ­тан­ды­ры­лу нор­ма­ла­ры­на 95–99% сәй­кес
    жақ­сы
    4
    Жа­рақ­тан­ды­ры­лу нор­ма­ла­ры­на 80–94% сәй­кес
    ор­та­ша
    3
    Жа­рақ­тан­ды­ры­лу 80%-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    5.4
    Ма­ман­дар да­яр­лау са­па­сы­на ық­пал ете­тін оқу-ма­те­ри­ал­дық ак­тив­тер­дің (ТҚК, ин­тер­нет­ке қо­сы­л­ған ком­пью­тер­лер, орг­тех­ни­ка, оқу, оқу-зерт­ха­на­лық, спорт­тық жаб­дық­тар, оқулық­тар, оқу құ­рал­да­ры, ақ­па­рат­тық ин­фра­құ­ры­лым­ды да­мы­ту) жаб­дық­та­лу ди­на­ми­ка­сын соң­ғы екі оқу жы­лы мен мем­ле­кет­тік ат­те­стат­тау ба­стал­ған күн­ге дей­ін­гі ағым­да­ғы оқу жы­лы бой­ын­ша мо­ни­то­рин­гі­леу
    МТБ ны­ғай­ту­да оң ди­на­ми­ка
    үз­дік
    5
    МТБ ны­ғай­ту­да оң ди­на­ми­ка­ның бол­мауы
    ор­та­ша
    3
    Ат­те­стат­тау ке­зе­ңін­де МТБ жаб­дық­та­луы­ның бол­мауы
    тө­мен
    2
    5.5
    Са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­лар мен нор­ма­лар­ға сәй­кес ке­ле­тін та­мақ­та­ну объ­ек­ті­сі­нің бо­луы (СЭҚ қо­ры­тындысы бар)
    Сәй­кес
    үз­дік
    5
    Сәй­кес емес
    ор­та­ша
    3
    Жоқ
    на­шар
    0
    5.6
    Бі­лім алушы­лар­ға ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту­дің бо­луы, со­ның ішін­де ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту ли­цен­зи­я­сы­на негіз­дел­ген ме­ди­ци­на­лық пункт­тің бо­луы
    Сәй­кес
    үз­дік
    5
    Сәй­кес емес
    ор­та­ша
    3
    Жоқ
    на­шар
    0
    5.7
    Дай­ын­да­ла­тын ма­ман­дық­тар бой­ын­ша (со­ның ішін­де бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген) оқу және ғы­лы­ми әде­би­ет­тер­ден құ­рал­ған кі­та­п­ха­на­лық қор­дың бо­луы, оқу жос­па­ры­на сәй­кес бі­лім алушы­лар кон­тин­ген­тіне қа­ты­сты, оқу тіл­де­рі бой­ын­ша, оқу мер­зі­мі­нің то­лық ке­зе­ңін­де, бас­па және элек­трон­дық фор­мат­та, со­ның ішін­де ақ­па­рат­тық бі­лім бе­ру плат­фор­ма­сы­на жүк­тел­ген­де­рі
    100 %
    үз­дік
    5
    95 - 99 %
    жақ­сы
    4
    80 - 94 %
    ор­та­ша
    3
    80%-дан аз
    тө­мен
    2
    5.8
    Си­му­ля­ци­я­лық ор­та­лық­тың/ка­би­нет­тің жа­рақ­тан­ды­ры­луы
    90-100 %
    үз­дік
    5
    71 - 89 %
    жақ­сы
    4
    51- 70 %
    ор­та­ша
    3
    50 %-дан тө­мен
    тө­мен
    2
    5.9
    Ре­сми сайт, әле­умет­тік же­лі­лер­де­гі ре­сми ак­ка­унт­тар. Бі­лім бе­ру­ді бас­қа­ру­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­сі, кон­тин­гент ту­ра­лы өзек­ті де­ректер ба­за­сы­мен, edu.​kz ай­ма­ғын­да үшін­ші дең­гей­лі до­мен­дік атау
    Ре­сми сайт­тың, әле­умет­тік же­лі­лер­де­гі ре­сми ак­ка­унт­тар­дың, ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің, edu.​kz ай­ма­ғын­да үшін­ші дең­гей­лі до­мен­дік ата­удың бо­луы
    үз­дік
    5
    Ре­сми сайт­тың, әле­умет­тік же­лі­лер­де­гі ре­сми ак­ка­унт­тар­дың,
    ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің, edu.​kz ай­ма­ғын­да то­лық емес кө­ле­мін­де үшін­ші дең­гей­лі до­мен­дік ата­удың бо­луы
    ор­та­ша
    3
    Ре­сми сайт­тың, әле­умет­тік же­лі­лер­де­гі ре­сми ак­ка­унт­тар­дың,
    ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің, edu.​kz ай­ма­ғын­да үшін­ші дең­гей­лі до­мен­дік ата­удың бол­мауы
    тө­мен
    2
    5.10
    Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қо­ғам­ға жет­кі­зу­дің то­лық­тығы, мер­зім­ді­лі­гі және тә­сі­лі Бі­лім бе­ру ме­ке­ме­ле­рі­нің ре­сми веб-сай­тын­да және әле­умет­тік же­лі­лер­де­гі па­рақ­ша­ла­ры­на ақ­па­рат­тық жа­ңар­ты­лу мер­зім­ді­лі­гі
    Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы ре­сми веб-сайт­та және әле­умет­тік же­лі­лер­ді өзек­ті ақ­па­рат­тың бо­луы, ақ­па­рат­ты ор­на­ла­сты­ру­дың жүй­е­лі­лі­гі
    үз­дік
    5
    Соң­ғы 3 жыл­да­ғы то­лық кө­лем­де жү­зе­ге асы­рыл­ма­ған сайт жұ­мысы
    ор­та­ша
    3
    Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы ре­сми веб-сайт­та және әле­умет­тік же­лі­лер­де өзек­ті ақ­па­рат­тық бол­мауы
    тө­мен
    2
    6
    Ке­рі бай­ла­ныс - (4 өл­шем­дер)
    6.1
    Бі­лім алушы­лар­дың са­у­ал­на­ма нәти­же­ле­рін тал­дау
    Ре­спон­дент­тер­дің 80%-дан 100%-ға дей­ін ұсы­ны­ла­тын бі­лім бе­ру қыз­мет­те­рі­нің дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    үз­дік
    5
    Ре­спон­дент­тер­дің 65%-дан 79%-ға дей­ін көр­се­ті­ле­тін бі­лім бе­ру қыз­мет­те­рі­нің дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    жақ­сы
    4
    Ре­спон­дент­тер­дің 50%-дан 64%-ға дей­ін көр­се­ті­ле­тін бі­лім бе­ру қыз­мет­те­рі­нің дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    ор­та­ша
    3
    ре­спон­дент­тер­дің 50%-дан азы көр­се­ті­ле­тін бі­лім бе­ру қыз­мет­те­рі­нің дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    тө­мен
    2
    6.2
    Оқы­ту­шы­лар­дың са­у­ал­на­ма нәти­же­ле­рін тал­дау
    Ре­спон­дент­тер­дің 80%-дан 100%-ға дей­ін жо­ға­ры са­па­лы бі­лім мен оқы­ту үшін жа­сал­ған жағ­дай дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    үз­дік
    5
    Ре­спон­дент­тер­дің 65%-дан 79%-ға дей­ін жо­ға­ры са­па­лы бі­лім мен оқы­ту үшін жа­сал­ған жағ­дай дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    жақ­сы
    4
    Ре­спон­дент­тер­дің 50%-дан 64%-ға дей­ін жо­ға­ры са­па­лы бі­лім мен оқы­ту үшін жа­сал­ған жағ­дай дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    ор­та­ша
    3
    Ре­спон­дент­тер­дің 50%-дан азы жо­ға­ры са­па­лы бі­лім бе­ру мен оқы­ту үшін жағ­дай­дың дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    тө­мен
    2
    6.3
    Ата-ана­лар­дан алын­ған (заң­ды өкіл­дер­ден) са­у­ал­на­ма нәти­же­ле­рін тал­дау
    Ре­спон­дент­тер­дің 80%-дан 100%-ға дей­ін жо­ға­ры са­па­лы бі­лім мен оқы­ту үшін жа­сал­ған жағ­дай дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    үз­дік
    5
    Ре­спон­дент­тер­дің 65%-дан 79%-ға дей­ін жо­ға­ры са­па­лы бі­лім мен оқы­ту үшін жа­сал­ған жағ­дай дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    жақ­сы
    4
    Ре­спон­дент­тер­дің 50%-дан 64%-ға дей­ін жо­ға­ры са­па­лы бі­лім мен оқы­ту үшін жа­сал­ған жағ­дай дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    ор­та­ша
    3
    Ре­спон­дент­тер­дің 50%-дан азы жо­ға­ры са­па­лы бі­лім бе­ру мен оқы­ту үшін жағ­дай­дың дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    тө­мен
    2
    6.4
    Жұ­мыс бе­ру­ші­лер мен өн­ді­рі­стік ем­деу ме­ке­ме­ле­рі­нің бас­шы­ла­ры­на жүр­гі­зі­л­ген са­у­ал­на­ма нәти­же­ле­рін тал­дау
    Ре­спон­дент­тер­дің 80%-дан 100%-ға дей­ін бі­лім алушы­лар­дың құ­зы­рет­ті­лік дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    үз­дік
    5
    Ре­спон­дент­тер­дің 65%-дан 79%-ға дей­ін бі­лім алушы­лар­дың құ­зы­рет­ті­лік дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    жақ­сы
    4
    Ре­спон­дент­тер­дің 50%-дан 64%-ға дей­ін бі­лім алушы­лар­дың құ­зы­рет­ті­лік дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    ор­та­ша
    3
    Ре­спон­дент­тер­дің 50%-дан азы бі­лім алушы­лар­дың құ­зы­рет­ті­лік дең­гей­іне қа­на­ғат­тан­ған
    тө­мен
    2
    Жал­пы балл = (40 өл­шем­нен алын­ған ұпай­лар қо­сындысы)/40
    Ескертпе: Бағалау бағалаулардың біріне сәйкес келетін өлшемдерге негізделген:
    «үздік», «жақсы», «орташа».
    Бағалау бекітілген өлшемдік балға сәйкес келеді:
    «үздік» - 5;
    «жақсы» - 4;
    «орташа» - 3;
    «төмен» -2;
    «нашар»-0
    Шаралар бойынша қорытынды бағаны комиссия бүтін санға дейін дөңгелектей отырып, критерийлер бойынша бағалаулар сомасының орташа арифметикалық мәні ретінде белгілейді.
    Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы бағалау критерийлері бойынша қорытынды баға «үздік» - 5 немесе «жақсы» - 4-ке тең болған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы техникалық және білім беру кәсіптік ұйымын аттестаттауды ұсынады.
    Бағалау критерийлері бойынша өлшем құралдары бойынша қорытынды балл «орташа» - 3, «төмен» -2 болса, мемлекеттік аттестаттау туралы теріс шешім қабылданады.
    Мемлекеттік аттестаттау шешімі теріс болған жағдайда комиссия «орташа» - 3, «төмен» - 2 балл алған өлшем құралдарының тізбесі бар талдамалық есеп жасайды.
    5. Қорытынды: Мемлекеттік аттестациядан өтті/өтпеді.
    6. Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымның қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар.
    « » ____ _____ жыл
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    Төраға:
    ТАӘ, лауазымы мен қолы__________________________________
    Аттестаттау комиссиясының мүшелері:
    1. ТАӘ, лауазымы мен қолы __________________________________
    2. ТАӘ, лауазымы мен қолы __________________________________
    3. ТАӘ, лауазымы мен қолы __________________________________
    4. ТАӘ, лауазымы мен қолы __________________________________
    7. Таныстым

    Денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымының басшысы _________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.