«Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17000 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:
1-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттық жүйе – Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы мемлекеттік қызметтер көрсетуді және мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де мүдделі тұлғалар арасындағы, оның ішінде басқа да ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау арқылы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құзыретті органнан шешім қабылдауға құзыреті бар адамның немесе оны алмастыратын адамның электрондық қолы қойылған электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат нысанында электрондық мекенжай бойынша не жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы жер қойнауын пайдаланушыларының назарына хабардар етіледі.».
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.