«Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 395/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 395/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21498 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-1-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 346) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-1-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 346) тармақшасына сәйкес әзірленді және дербес деректерді жинау, өңдеу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1) дербес деректер – оның ішінде биометриялық, негізінде дербес деректер субъектісіне қатысты айқындалған немесе айқындалатын, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген деректер;»;
мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2 және 6-3-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгіленбесе, дербес деректерді өңдеуге келісімнің қолданылу мерзімі дербес деректерді жинау мен өңдеу мақсаттарына қол жеткізуге қажетті мерзімнен аспайды.
6-2. Егер дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімнің қолданылу мерзімі көрсетілмесе, ол берілген кезінде айқындалған өңдеу мақсаттарына қол жеткізілгенге дейін қолданыста болады деп есептеледі.
6-3. Субъектінің немесе оның заңды өкілінің меншік иесін және (немесе) операторды, сондай-ақ үшінші тұлғаны хабардар ете отырып, дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімді кері қайтарып алуға құқығы бар.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді сақтау немесе өңдеу талап етілмесе, меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға он бес жұмыс күні ішінде оларды өңдеуді тоқтатуға не уәжді бас тартуды ұсынуға міндетті.».
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мадиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.