2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 ақпан 2016 ж.

    2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қайруллаевқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда қаласының әкімі

    Н. Нәлібаев

    Қызылорда қаласы әкімдігінің

    2016 жылғы 29 ақпандағы №4974

    қаулысына қосымша

    2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк-аумақтық орналасуы
    Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушiлер саны
    Мектепке дейiнгi ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бiр айдағы мөлшерi
    Мектеп жанындағы шағын орталықтарды қаржыландырудың жан басына шаққанда бiр айдағы мөлшерi
    Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-аналарының бiр айдағы төлемақы мөлшерi (теңге)
    Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
    Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
    1
    Қызылорда қаласы
    16 623
    24 390 теңге
    18 488 теңге
    10 000 теңге
    (Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес) 21 210 теңге

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.