Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 наурыз 2026 ж.

    Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып,тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    3. «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;

    2) осы қаулының Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 1-тармақта туындаған құқықтық қатынастар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

    Абай облысының әкімі

    Б. Уәли

    Абай облысы әкімдігінің

    2026 жылғы «10» наурыздағы

    № 43 қаулысына

    1-қосымша

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Р/с
    Аймақтың атауы
    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері
    Елді мекен
    Тәрбиелен-ушілер саны
    Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
    10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар
    9 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар
    10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары
    1.
    Абай ауданы
    ауыл
    807
    67 251
     
     
    2.
    Аягөз ауданы
    ауыл
    697
    67 024
     
     
    қала
    2 353
    60 600
     
     
    3.
    Бесқарағай ауданы
    ауыл
    153
    67 251
     
     
    4.
    Бородулиха ауданы
    ауыл
    631
    67 024
     
     
    5.
    Жарма ауданы
    ауыл
    855
    67 024
     
     
    6.
    Жаңасемей ауданы
    ауыл
    95
    67 024
     
     
    7.
    Көкпекті ауданы
    ауыл
    624
    66 797
    8.
    Курчатов қаласы
    қала
    590
    60 600
     
     
    9.
    Семей қаласы
    қала
    12 183
    60 600
     
     
    Семей қаласы түзету тобы
    қала
    242
     
     
    107 950
    10.
    Ақсуат ауданы
    ауыл
    748
    66 797
     
     
    11.
    Үржар ауданы
    ауыл
    376
     66 797
     
    12.
    Мақаншы ауданы
    ауыл
    292
    66 797
    Барлығы
    20 646
     
     

    Абай облысы әкімдігінің

    2026 жылғы «10» наурыздағы

    № 43 қаулысына

    2-қосымша

    2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

    Р/с
    Аймақтың атауы
    Айына ата-ананың ақы төлем мөлшері (теңге)
    Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері
    Тәрбиеленушілер саны
    Балабақша / балабақша (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)
    Балалардың толық күн болатын шағын орталығы (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)
    11.
    Абай ауданы
    807
    3 жасқа дейін-14000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -15000
    3 жасқа дейін-14000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-15000
    2.
    Ақсуат ауданы
    748
    3 жасқа дейін-19500, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -22000
    3 жасқа дейін-19500, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -22000
    3.
    Аягөз ауданы
    3050
    3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -22000
    3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-22000
    4
    4.
    Бесқарағай ауданы
    153
    3 жасқа дейін-15000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -17000
    3 жасқа дейін-15000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-17000
    5.
    Бородулиха ауданы
    631
    3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -19000
    3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -19000
    6.
    Жарма ауданы
    855
    3 жасқа дейін-17000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -19000
    3 жасқа дейін-17000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-19000
    7.
    Жаңасемей ауданы
    95
    3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -19000
    3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -19000
    8.
    Көкпекті ауданы
    624
    3 жасқа дейін-160000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -19000
    3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -19000
    9.
    Курчатов қаласы
    590
    3 жасқа дейін-19500, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -23000
    3 жасқа дейін-19500, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-23000
    10.
    Семей қаласы
    12 425
    3 жасқа дейін-22370,
    3 жастан бастап 7 жасқа дейін -29438
    3 жасқа дейін-22370,
    3 жастан бастап 7 жасқа дейін-29438
    11.
    Үржар ауданы
    376
    3 жасқа дейін-15000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -20000
    3 жасқа дейін-15000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-20000
    112.
    Мақаншы ауданы
    292
    3 жасқа дейін-12000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін -16000
    3 жасқа дейін-12000, 3 жастан бастап 7 жасқа дейін-16000
    Барлығы
    20 646
     
     

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.