«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі зерттеу және жұмыс нәтижелерін қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 458 және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі зерттеу және жұмыс нәтижелерін қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 458 және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 31 тамызда № 24171 болып тіркелді) келесі толықтырулар енгізілсін:
10-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:
«4) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын:
«5) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі.».
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты ресми Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі
__________Е. Нысанбаев
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
__________Е. Нагаспаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.