Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 83/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 83/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 83/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4451 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Регион.kz» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде 20-тармақтың 23) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

    «23) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;».

    2. «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

    осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

    осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

    осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімінің міндетін атқарушы

    Д. Тұрғанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.