Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 наурыз 2026 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі аумағынан электр желісі құрылысы үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. Осы қаулының қабылдануына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу Шардара аудандық жер қатынастары бөліміне (м.а. М.Исаев) жүктелсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Бердешов жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А.Карсыбаев

    Шардара ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы 4 наурыздағы

    № 127 қаулысына қосымша

    Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі аумағынан электр желісі құрылысы үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемі

    Жер учас­ке­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі
    Қа­уым­дық серви­тут­тың әре­кет ету кө­ле­мі (гек­тар)
    Со­ның ішін­де
    Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық мақ­са­тын­да­ғы­жер­лер
    оны­ңі­шін­де
    егі­стік
    Оның ішін­де
    Көп жыл­дық ек­пе­лер
    ша­бын­дық
    жай­ы­лым
    Өзге жер­лер
    Ор­ман қо­ры же­рі
    Су­ар­ма­лы егі­стік
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    1
    Қ.Тұрысбеков ауылдық округі
    1,03
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    1,03
    Барлығы
    1,03
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    1,03

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.