Кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 наурыз 2026 ж.

    Кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мыналардың:

    1) Түлкібас аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 сәуірдегі №2/9-08 ««Б» корпусы Түлкібас аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің (2023 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

    2) Түлкібас аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 22 маусымдағы №4/17-08 «Түлкібас аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 сәуірдегі №2/9-08 «Б» корпусы Түлкібас аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің (2023 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихаттың төрағасы

    С.Сарсенбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.