Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 наурыз 2026 ж.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу туралы

    «Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Министр

    С. Нұрбек

    Қазақстан Республикасы

    Ғылым және жоғары

    білім министрінің

    2026 жылғы «___» _________

    №______ бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу

    Мем­ле­кет­тік ор­ган
    Сти­пен­дия
    Сту­дент­тер
    Ма­ги­странт­тар
    1.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім ми­ни­стр­лі­гі
    1036
    5
    2.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мә­ди­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі
    15
    1
    3.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі
    2
    0
    4.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі
    27
    2
    Бар­лы­ғы
    1080
    8

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.