Қостанай қалалық мәслихатының шешімін жою туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 наурыз 2026 ж.

    Қостанай қалалық мәслихатының шешімін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 5-тармақшасына, Қостанай қаласы прокуратурасының 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 2-090107-25-01435 наразылығына, Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 3971-25-00-2/4105 шешімі, Қостанай облыстық азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 3 ақпандағы № 3999-26-00-2а/76 қаулысына сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 155 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қостанай қалалық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 137 шешімі жойылсын.

    2. Осы шешім қабылданған сәтінен бастап күшіне енеді.

    Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы

    О. Байгабулов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.