Қостанай облысында ауыз суды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне төленетін төлемақының мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 наурыз 2026 ж.

    Қостанай облысында ауыз суды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне төленетін төлемақының мөлшерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 «Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген) Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қостанай облысында ауыз суды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне төленетін төлемақының мөлшері бекітілсін:

    1) ауыз суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – қосылған құн салығын есептемегенде 100 теңге;

    2) ауыз суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – қосылған құн салығын есептемегенде 130 теңге.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы

    С. Ещанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.