Ақмола облысының Көкшетау қаласында саябағын қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 7 қарашадағы қорытындысы негізінде және Көкшетау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысының Көкшетау қаласында «Борцам за революцию» саябағы «Бәйтерек» саябағы деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі
М. Ахметжанов
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы
Б. Жүсіпов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.