Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/9 «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 ақпан 2026 ж.

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/9 «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/9 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларында:

    38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «38. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.»;

    57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «57. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.»;

    58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «58. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы

    В. Бубенко

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.