Батыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 ақпан 2026 ж.

    Батыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Масс-медиа туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 тіркелген) сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

    2. «Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Н. Төреғалиев

    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

    2026 жылғы «___»_______

    №___қаулысына қосымша

    Батыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

    1. Батыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 тіркелген) сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

    2. Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.

    Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағаны жергілікті атқарушы орган дербес айқындайды.

    3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

    1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

    Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;

    Bn – газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

    V – газетте орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

    Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

    200 000 данаға дейін – 1,3;

    100 000 данаға дейін – 1,15;

    50 000 данаға дейін – 1;

    30 000 данаға дейін – 0,9;

    20 000 данаға дейін – 0,8;

    10 000 данаға дейін – 0,65;

    5 000 данаға дейін – 0,5;

    2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

    Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;

    Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

    V – журналда орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

    Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

    15 000 данаға дейін – 1,2;

    10 000 данаға дейін – 1,1;

    8 000 данаға дейін – 1;

    5 000 данаға дейін – 0,9;

    3 000 данаға дейін – 0,8;

    1 000 данаға дейін – 0,7.

    4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

    Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;

    V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

    Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

    айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

    айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

    айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

    айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

    айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.

    5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;

    Btv – телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

    V – телевидениеде орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі

    Егер өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

    6. Радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;

    Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;

    V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

    Батыс Қазақстан облысының

    аумағында мемлекеттік ақпараттық

    саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік

    тапсырысты жүзеге асыру үшін

    сатып алынатын көрсетілетін

    қызметтердің құнын айқындаудың

    әдістемесіне қосымша

    Батыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары

    Қыз­мет­тің ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Ба­за­лық ба­ға ҚҚС бір­ге 2026 және одан кей­ін­гі жыл­дар (тең­ге)
    1
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын мер­зім­ді бас­па ба­сы­лым­да­рын­да (га­зет) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Bn)
    шар­шы сан­ти­метр
    770
    2
    Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын об­лы­стық мер­зім­ді бас­па ба­сы­лым­да­рын­да (га­зет) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Bn)
    шар­шы сан­ти­метр
    440
    3
    Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын мер­зім­ді бас­па ба­сы­лым­да­рын­да (жур­нал) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Bm)
    шар­шы сан­ти­метр
    300
    4
    Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар мә­се­ле­лер­ді жа­рия ете­тін ин­тер­нет-ре­сур­ста көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Bi)
    сим­вол
    140
    5
    Өңір­лік ма­ңы­зы бар мә­се­ле­лер­ді жа­рия ете­тін ин­тер­нет-ре­сур­ста көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және ор­на­ла­сты­ру) (Bi)
    cим­вол
    50
    6
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (сю­жет­ті өн­ді­ру және ор­на­ла­сты­ру) (Btv)
    ми­нут
    400 000
    7
    Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­то­ры та­ра­та­тын те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (сю­жет­ті өн­ді­ру және ор­на­ла­сты­ру) (Btv)
    ми­нут
    60 000
    8
    Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да те­ле­ра­дио ха­бар­ла­рын та­ра­ту­дың ұлт­тық опе­ра­то­ры та­ра­та­тын те­ле­ви­зи­яда көр­се­ті­ле­тін қыз­мет (ақ­па­рат­тық-тал­да­ма­лық бағ­дар­ла­ма­ны өн­ді­ру және ор­на­ла­сты­ру) (Btv)
    ми­нут
    20 000
    9
    Ақ­па­рат­тық бағ­дар­ла­ма­лар­ды және аудио­ро­лик­тер­ді өн­ді­ру және олар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ақ­па­рат та­ра­та­тын ра­дио­ар­на­да ор­на­ла­сты­ру қыз­ме­ті (Br)
    ми­нут
    25 000
    10
    Ақ­па­рат­тық бағ­дар­ла­ма­лар­ды және аудио­ро­лик­тер­ді өн­ді­ру және олар­ды Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да ақ­па­рат та­ра­та­тын ра­дио­ар­на­да ор­на­ла­сты­ру қыз­ме­ті (Br)
    ми­нут
    20 000

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.