Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» «Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2026 жылғы 5 наурыздағы № 11-10/63-И ұсынысы негізінде, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара мал арасында вирустық диарея және инфекциялық ринотрахеит ауруларының анықталуына байланысты Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жамбыл ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін. Эпизотиялық ахуал тұрақталғанға дейін шешім күшінде болады.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
Округ әкімі
О. Аронов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.