Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 ақпан 2026 ж.

    Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 - бабының 4, 5 - тармақтарына сәйкес Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақсай қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде белгілесін:

    жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері, көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 теңге;

    жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 теңге;

    жекелеген санаттары бойынша жеңілдік берілген жолаушыларға жол жүру ақысы;

    жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері, көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 50 теңге;

    жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 теңге.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Е. Ихсанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.