«Арал қаласындағы көшеге жаңа атау беру туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 208-қ және Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 462 бірлескен қаулы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Арал қаласындағы көшеге жаңа атау беру туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №208-қ мен Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №462 бірлескен қаулы мен шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арал қаласындағы жаңа көшеге атау беру туралы»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Арал қаласындағы Рсалы Тұрымбетов көшесімен қатарлас жатқан жаңа көшеге Садық Жұмағұловтың есімі берілсін.»
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жаряланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының әкімі
А.Оңғарбаев
Арал аудандық мәслихатының төрағасы
Б.Турахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.