Жария сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 ақпан 2026 ж.

    Жария сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін Бейнеу ауданынан (Төлеп ауылы - 6,2299 га, Сыңғырлау ауылы - 3,004 га, Сам ауылы - 5,8579 га, Ноғайты ауылы - 9,0895 га, Тұрыш ауылы - 5,3189 га) орналасқан алаңы 29,5002 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2029 жылғы 3 ақпанға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

    2. «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

    Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Бейнеу ауданының әкімі

    Р. Шалбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.