Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 қаңтардағы № VIII-36-163 «Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы мен ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 қаңтардағы № VIII-36-163 «Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы мен ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 қаңтардағы № VIII-36-163 «Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы мен ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:».

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    3. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы

    Б. Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.